Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз



бет22/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № ___13____
1. Рафаэль Ниязбеков, Несіпбек Айтұлы поэзиясындағы автор тұлғасы және өлеңдеріндегі бейнелілік туралы жазыңыз.
Автор тұлғасын танып, оған баға беру үшін ең бірінші оның шығармашылығына терең үңілуіміз қажет. Жоғарыда айтқанымыздай, Р. Ниязбеков өлеңдерінен мінез өрлігі, рух асқақтығы айқын сезіледі. Оның қай өлеңін алсаңыз да да автор қолтаңбасын оңай тани аласыз. Мысалы, «Ақын барда қатер жоқ елге төнген» атты өлеңінен автор тұлғасы тайға таңба басқандай көрінеді. Рафаэль Нязбектің тағы бір қасиеті: қарапайым сөзден-ақ тартымды образ, бейнелі тіркес жасай алуында. «Балтаның сабы» атты шығармасында айтылған оқиғаны көз алдыңызға әкелер бейнелілік бар. Несіпбек Айтұлының шығармашылығында да бейнелілік көптеп кездеседі. «Бөрітостаған» атты туындысында образдылық бар. Тасты сөйлеткісі келген ақынның таланты жоғары. Шығыс Қазақстанның Ақсуат жеріндегі мидай жазық далада жатқан алып жұмбақ тас туралы бұл өлеңінің астарында тарихты ұғыну жатыр. Өлең психологиялық паралеллизммен астасып жатыр. Ақын «кәрі тас», «қаңғырған бөрі», «бүп-бүтін ірге», «көз жас» деген эпитеттермен өрілген көркем шығармада сөз бедерін кестелеп береді. Өз таңғалысын «Əлемнің жеті ғаламатындай» деп беруінен-ақ бейнелілік образды көреміз. «Ай жүзіңе қадалумен» деген бұл өлеңі аса жоғары талғаммен жазылған. Қарабайыр сөздерді емес, «қу медиен» секілді сырлы сөздермен суреттелген. «Ай жүзің», «көз сусыны», «дел-сал қылған ауыр дерт», «ғашықтықтан ғаріп болған Жүніс» деген эпитеттер, «Шершис құсап», «ат басындай» деген теңеулермен бейнелілікті танытады.
2. Қ.Жұмаділовтің «Бір ғана ғұмыр» әңгімелеріндегі адам әлемінің мың сан қырлары, өмірдің күнгейі мен көлеңкелі тұстарын ашыңыз.

Қазіргі қазақ әдебиетінде өнімді еңбек етіп жүрген қаламгер – Қабдеш Жұмаділовтің шығар¬малары оқырман назарынан тыс қалған емес. Мәселен «Жемдеген қырғауылдар», «Құдайдың үйі», «Бір ғана ғұмыр», «Дөңгеленген дүние-ай», «Тіленші», «Бұқарбайдың бұқасы» секілді әңгімелерінің негізгі өзегі де бүгінгі күннің оқиғалары, кейіпкерлері де жаңа заманның адамдары. «Бір ғана ғұмыр» әңгімесіндегі жазушы Әділ Тазабеков, «Жемдеген қырғауылдар» әңгімесіндегі аудан әкімі Нұрсаған Бектұрғановтың, «Құдайдың үйі» әңгімесіндегі молданың, «Бұқарбайдың бұқасындағы» кәсіпкер Бұқарбайдың іс-әрекетін суреттеу арқылы жаңарған қоғамның сипатын, тыныс-тіршілігін, кескін-келбетін ашып көрсетеді. Қоғамды жаңартып қоймай, сол қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың мінез-құлқын, тірлігін, жан дүниелеріндегі өзгерістерді де дәл, шынайылықпен суреттей білген. Жұмаділовтің «Бір ғана ғұмыр» әңгімесінің сюжеті былай беріледі: бас кейіпкер жазушы Әділ Тазабеков қала өмірінің тіршілігінен шаршап, бір жағынан денсаулығының сыр беруіне байланысты, Алматы маңындағы бір санаторийге келіп жайғасады. Ол санаторийге жайғасып алғаннан кейін, осы жердің тыныс-тіршілігімен танысады. Осылайша бірнеше күндік демалыс¬та кейіпкер біраз оқиғаларды бастан кешіреді. Әңгімеде санаторий өмірімен, ондағы алуан қырлы, мың сырлы оқиғалармен байланыстыра айтылады. Әңгіменің ең басты кейіпкері Әділ Тазабеков бейнесімен сомдаған. Әңгімені оқи отырып, Әділдің ақ көңіл жан, ашық мінезді жан екенін көруімізге болады. «Бір ғана ғұмыр» әңгімесінде оқиғалардың бірінен-бірі өрбіп-өніп, белгілі бір шегіне жеткен соң шешімін тауып, заңды аяқталып отыратыны ерекше көңіл аудартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет