Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы тарихи шындыққа тоқталыңыз



бет39/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91
3. Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы тарихи шындыққа тоқталыңыз.
Ә.Кекілбаевтың 1997 жылы жарық көрген “Абылай хан” драммасы тәуелсіз мемлекеттегі қоғамның рухани-эстетикалық сұранысынан туындаған. Жалпы Қоғамда болып жатқан аумалы-төкпелі құбылыстардың күрт өзгеруімен қатар, қоғамда болып жатқан оқиғалардың алма кезек ауысуынан Абылай мен Шарыш арасындағы сайыстан, Абылай мен Топыш, Абылай мен Əмір Сана арасындағы қатынастардан сыртқы тартыс үдей түскен. Тұрақтылық пен өзгермелік арасындағы сапалық өзгерістердің драма табиғатына əсері қадағаланған. Хандық, елдік принциптерін бірінші орынға қойған хан образының жасалу ерекшелігіне көңіл аударылған. Пьеса төрт көріністен тұрады. Бастапқы көріністе Абылайдың жaстық шағы, керуенге ілесіп Арғынға келуі, Дəулетбай байғақалай бала болғаны, ойрaт бaтыры Шарышпен жекпе-жегі, жас батыр ретінде халыққа аты таныла бaстағаны бaяндалады. Екінші көріністе аңда жүріп қапыда ойраттaрдың қолына түсіп, тас зынданда қамалған, тордағы арыстандай арпалысқан Абылaй жəне Қaлдан Серінің жіберген жансыздарының сынынан сұңғылалығының арқасында тaбиғат асыл жаратқан қажыр-қайратымен қиыннан қиялай жол тауып шығaтыны суреттеледі. Кейіннен, Қалдан Серімен бетпе бет қалғанда Абылай бейнесі eрлігімен, тапқыр да шешендігімен тəнті етеді. Қалдан Серінің қoйған дүдамал сауалдарына ұрымтал жауап қатып, алдын орап отырады. Пьесаның үшінші көрінісіндe оқиға ширығып күрделене түседі. Kөріністе тартыстың бір бөлігі Абылай хан мен ел жақсылаларының арасында дамиды.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № ___26____
1. М.Шаханов лирикасының көркемдік әлемін сипаттаңыз.Лирика жанрын өркендетуде М.Шаханов тыңғылықты еңбек сіңіріп жүр. Халық өмірінің терең шындығын айқын да әдемі бейнелеген талай-талай туындылары қалың жұртшылықтың рухани серігі болуымен қатар, ұлттық әдебиетіміздің атын қорын үздіксіз молайтып отырады. М.Шаханов лирика жанрының барлық түріне қалам тартып жүрген ақын. Гетенің: “Өзіне дейінгі айтылғанды айтылмағандай етіп қайталау” дегені сияқты, Мұхтардың да таңдағаны бұрыннан мәлім – махаббат, табиғат, адамгершілік, азаматтық мораль тақырыптары бола тұра, ақын аталған тақырыптарға жаңа мазмұн, тың өрнек енгізген. Перзент жыры” өлеңінде туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік көзқарасында перзент атынан ой тастайды. Туған жердің кімге болса да ыстық екені белгілі. Алайда, ол, кімді, нені болса да жатырқамайды өзіндегі бар болмысын сенің өмір сүруіңе жағдай жасаған. Осынысымен де ол ыстық, осынысымен де ол түсінген, түйсінген адамның шабытын қайрап жатады. Ол ұшы-қиырсыз кең де, қатал талап қоятыны, ағат кетсең аямай жазалайтыны да бар. Ол ұлы ма, кіші ме, кәрі ме, жас па – оған бәрі бір, жікке бөлмейді, алаламайды. Сол үшін де ол ыстық, содай әділдігі үшін де қалтқысыз ынтығасың, саясында болғың келеді. “Самолеттағы ой” атты өлеңі де сәтті жазылған туынды. Ақын туған жерге әрі биіктен, әрі қашықтан қарай отырып, туған жердегі болып жататын заттар мен құбылыстардың елеусіз байқалмай, танылмай қалыс қалатын ерекшеліктерін жеңіл, ұтымды түрде жеткізген.Алыстан бір қарағанда көзің тоятын, жақын келіп сөйлесе қалсаң, пікір алалығы көрініп тұратын кейбір арамыздағы азаматтарды тану үшін жазылған өлең екені белгілі. “Бір тегіс боп көрінеді жыралар,
Тереңінде жыланы бар ұралар. Байқалмайды әжім-әжім қыраттар, Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар. Осы шумақтағы жыланы бар ұра да, әжімді қыраттар да, мөлдіреп жатқан бұлақтар да өз орнында қолданылып тұрған сияқты болып көрінгенімен, ақынның меңзеп отырғаны адамдар арасындағы көрініс екені даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет