Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз



бет4/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)


емтихан билеті № __3_____


  1. Қазақ поэзиясын биік белеске көтерген- М.Әлімбай шығармашылығын жазыңыз.

«Мұзафар - ойдың ақыны. Шығыршықтың ішін шыр айналған тұтқындағы ақ тиін іспеттес ойнақы сөздің емес, сезгені, түйгені мол ойдың ақыны... Ізденгіш те тапқыш, көп оқитын,көп үйіп, көп ойланатын бейнетқор да еңбекқор ақын...» Мұқағали Мақатаев«Мұзафар Әлімбаев- шынтуайтқа келсек, нағыз ғылымның адамы. Оның ғылымға тән таланты, миының зеректігі, асқан төзімділігі мен мүде ерінбейтін еңбекқолығы, уақытының көбін қағаз арсында, кітап ішінде өткізуі- бәрі де оның ғалымдық қасиетін айтып тұрған жоқ па?» Ғафу Қайырбеков.« Нақтылық, ойлылық, жинақылық- Мұзафар өлеңдерінің ең басты қасиеттерінің бірі. Мұзафар біздің із-өкшемізді басып келе жатқандардың ішіндегі ең бір ірі ақын. Оның өзіндік беті бар, қолтаңбасы бар. Әрбір өлеңін жарыққа шығарарда әрбір сөзі үшін күресетін, өзіне-өзі сыншылық жасайтын сарабдал ақын» Сырбай Мәуленов. Алғашқы кітабы – «Қарағанды жырлары» 1952 жылы басылып шыққан. Жүз сексен әнге өлең жазған. 70 төлтума және аударма кітаптардың авторы. Шығармалары 20 тілге аударылған. Көркем аударма саласында Сағдидың «Бостанын» («Жәннат» деген атпен), Петефи мен Тоқтағұлдың, Аполлинердің таңдамалы өлеңдер жинақ­та­рын, Ю.Фучиктің «Дар алдындағы сөзін», Орбелианидің «Ғибратнамасын» және Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Ғ.Тоқай, М.Жәлил, Фирдоуси, Х.Әлімжанның өлең-жырларын қазақ тіліне аударған.1982 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін республикалық Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978), Қазақстанның халық жазушысы, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны авторларының бірі.Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Отан» орденімен марапатталған.«Қарағанды жырлары», «Жұмбақтар», «Лирика», «Алатау баурайында», «Менің Қазақстаным», «Таңдамалылар», «Шынықсаң, шымыр боласың», «Жолдар – жырлар», «Жүрек лүпілі», «Өрнекті сөз – ортақ қазына», «Көңіл күні», «Балдәурен шір­кін, балалық», «Тәрбие туралы әңг­імелер», «Ер еңбегі – айнасы», «Қалам қай­раты», «Көңіл күнделігінен», «Маржан сөз», «Ақмаңдайлым», «Аянның алақаны», «Сүймеген жүрек семеді», «Өмір. Өнер. Өнерпаз», «Екі тақтай бір көпір», «Нақылдар кітабы», «Аулақ бол жаман әдеттен», «Хат», «Нақылнама», «Көп томдық шығармалар жинағы», «Балдәурен», т.б. кітаптары жарық көрген.Мұзафар Әлімбаев ел тәуелсіздігін жан-жүре­гі­мен жырлаған абыз ақсақалымыз.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет