Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Ақындар поэзиясындағы ұлттық мүдде, елдік мұрат туралы айтыңыз



бет8/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91
Байланысты:
Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)

2.Ақындар поэзиясындағы ұлттық мүдде, елдік мұрат туралы айтыңыз.
Ақындар поэзиясындағы ұлттық мүдде, елдік мұрат- Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты қазіргі қазақ поэзиясында алдыңғы буын ақындары тоталитарлық тәртіптің қысымымен айта алмаған тақырыптық желілі ер тақырыптық желіліер (ұлттық сананы ояту сезімі) бой көтерді. Ұлттық мінез ақындық тұлға арқылы ұлтжандылық, терең ұлттық мазмұн айқын көрінеді. Ұлттық мінездің динамикасы, тарихы халық тарихымен байланыстыра жырланады. Ақындар өлеңдерінде сыншылдықтың басымдылығы анықталды. Қазақ поэзиясы өзінің дәстүрлі даму арнасынан ауытқымаса да, мазмұндық, көркемдік, идеялық жаңа шешімдер табуға ұмтылды. Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде-ақ ұлттық мүдде, елдік мұрат дейтін ұғымдарға ерекше екпін түсіріле бастаған.
С.Молдабеков ұлттық құндылық, ұлттық мұрат, ұлттық мүддені жүрегімен түйсініп, аталмыш қасиеттерді ақындық ұстанымына, жырларының негізгі нысанына айналдыра білген ұлттық руханият игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан ақын.Ақынның ұлттық болмыс қасиетін дәріптейтін тағы бір өлеңі «Ер түрік» туындысы.
Сұңқар мінез ерлерім-ай, тұлпар аттай тарпынған,
Қайырылмадың қанатыңнан, айрылмадың нарқыңнан,
Бумын қаған, Қапаған мен Йолығтегін айбарлы,Жалындадың, жаңылмадың сертің менен шартыңнан…– деп басталатын өлеңде «арпалысып», «атой салып», «ар-намысты бермеген» ел басқарған баһадүр бабалардың өткір мінездері мен сайыпқыран ерліктерін жырға арқау ете отыра олардың елдік мұрат жолындағы болмысын үлгі етеді.


3.М.Шаханов лирикасының көркемдік әлемін ашыңыз.
Лирика жанрын өркендетуде М.Шаханов тыңғылықты еңбек сіңіріп жүр. Халық өмірінің терең шындығын айқын да әдемі бейнелеген талай-талай туындылары қалың жұртшылықтың рухани серігі болуымен қатар, ұлттық әдебиетіміздің атын қорын үздіксіз молайтып отырады. М.Шаханов лирика жанрының барлық түріне қалам тартып жүрген ақын. Гетенің: “Өзіне дейінгі айтылғанды айтылмағандай етіп қайталау” дегені сияқты, Мұхтардың да таңдағаны бұрыннан мәлім – махаббат, табиғат, адамгершілік, азаматтық мораль тақырыптары бола тұра, ақын аталған тақырыптарға жаңа мазмұн, тың өрнек енгізген. Перзент жыры” өлеңінде туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік көзқарасында перзент атынан ой тастайды. Туған жердің кімге болса да ыстық екені белгілі. Алайда, ол, кімді, нені болса да жатырқамайды өзіндегі бар болмысын сенің өмір сүруіңе жағдай жасаған. Осынысымен де ол ыстық, осынысымен де ол түсінген, түйсінген адамның шабытын қайрап жатады. Ол ұшы-қиырсыз кең де, қатал талап қоятыны, ағат кетсең аямай жазалайтыны да бар. Ол ұлы ма, кіші ме, кәрі ме, жас па – оған бәрі бір, жікке бөлмейді, алаламайды. Сол үшін де ол ыстық, содай әділдігі үшін де қалтқысыз ынтығасың, саясында болғың келеді. “Самолеттағы ой” атты өлеңі де сәтті жазылған туынды. Ақын туған жерге әрі биіктен, әрі қашықтан қарай отырып, туған жердегі болып жататын заттар мен құбылыстардың елеусіз байқалмай, танылмай қалыс қалатын ерекшеліктерін жеңіл, ұтымды түрде жеткізген.Алыстан бір қарағанда көзің тоятын, жақын келіп сөйлесе қалсаң, пікір алалығы көрініп тұратын кейбір арамыздағы азаматтарды тану үшін жазылған өлең екені белгілі. “Бір тегіс боп көрінеді жыралар,
Тереңінде жыланы бар ұралар. Байқалмайды әжім-әжім қыраттар, Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар. Осы шумақтағы жыланы бар ұра да, әжімді қыраттар да, мөлдіреп жатқан бұлақтар да өз орнында қолданылып тұрған сияқты болып көрінгенімен, ақынның меңзеп отырғаны адамдар арасындағы көрініс екені даусыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет