Ш.Смаханұлы «Өткірдің жүзі», Баспасөздегі «Сүзеген сөз», «Мүйізтұмсық» сатиралық әңгілемелерінің тілі мен стилін сиапаттаңыз.
Шона Смаханұлы (1924–1988) 5 қазан Жамбыл облысы, Талас ауданындағы «Ойық» деген ауылда дүниеге келген. Анасынан ерте айрылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін біраз жыл ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. Шона Смаханұлының “Өткірдің жүзі”, “Сүзеген сөз”, “Мүйізтұмсық” өлеңдері сатиралық сипатқа ие. Ш.Смаханұлының «Өткірдің жүзі», «Үміт жұлдызы» сынды сатиралық өлеңдері мен повесінде қоғамдық өмір, күнделікті тұрмыс- тіршілік шынайы да шебер суреттелінуі.Мезгіл көріністері.
Баспасөздегі сын-сықақ бұрыштары: «Сүзеген сөз»,«Мүйізтұмсық», «Әзілің жарасса», «Мағынасы майысқан мақалдар», «Сатира стадионы» т.т. Олар туралы көзқарас, пікірлер.Уақыт көріністері.
И. Байзақов поэмаларының сюжеті мен композициялық құрылымын ашыңыз.
И.Байзақовтың поэмалары: «Кавказ» 1941 жыл, «Алтай аясында» 1939 жыл, «Ақбөпе»1945 жыл, «Ұлы құрылыс» 1933 жыл, «Он бір күн, он бір түн», «Қойшының ертегісі»1926 жыл, «Қырмызы — Жанай» 1940 жыл аяқталмаған, «Құралай сұлу» 1925 жылы
Осының ішінде “Құралай сұлу” поэмасының комп. Құрылымына тоқталсақ :
Оқиғаның басталуы: Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.
Оқиғаның дамуы: Монтайдың Келден баймен кездесуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Келден байдың жан баласына ашпаған сырын ашуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қалмақтың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесуі
Оқиғаның шешімі: Келден батырдың Құралайдан айрылуы.
СЮЖЕТІ
Құралай сұлу - қалмақ ханының қызы. Шешесі қазақ болыпты. Тұтқынға түскен қазақтың Келден батырына ғашық болып, екеуі қашып шығады. Қуғыншылардан құтылып, бірнеше күн жол жүреді. Ақыры, Бетпақтың шөліне келеді. Жағасы толған қамыс, құрақ көлге түсіп дем алмақшы болады. Келден аттарды жайғап жүргенде, Құралайдың ащы даусы шығады. Жүгіріп келген батыр жолбарыс шапқан қыздың үстінен түседі. Жолбарысты қанжармен бір-ақ жайратқан ол Құралайдың өлі денесін құшақтап зар еңіреп жылайды. Қанжарымен көр қазып, сүйегін көмеді. Елінен кісі әкеліп, сол көл жағасынан бейіт тұрғызады. Сол жер қасиетті орынға айналған. Қазіргі кезде көл құрғап, суалған. Халық Құралай сұлу бейітін әлі күнге дейін ардақтап, құрметтеп келеді.Иса Байзақов поэма жанрын дамытуға үлен үлес қосқан. Оның дәлелі өзіміз жаңа атап кеткен поэмалары. Көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысын шынайы суреттеп, ел бірлігі, патриотизм идеясын көтерген.