Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы образдар мен тартыс мәселесін анықтаңыз



бет51/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91

3. Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы образдар мен тартыс мәселесін анықтаңыз.


Ә.Кекілбаевтың 1997 жылы жарық көрген “Абылай хан” драммасы тәуелсіз мемлекеттегі қоғамның рухани-эстетикалық сұранысынан туындаған. Жалпы Қоғамда болып жатқан аумалы-төкпелі құбылыстардың күрт өзгеруімен қатар, қоғамда болып жатқан оқиғалардың алма кезек ауысуынан Абылай мен Шарыш арасындағы сайыстан, Абылай мен Топыш, Абылай мен Əмір Сана арасындағы қатынастардан сыртқы тартыс үдей түскен. Тұрақтылық пен өзгермелік арасындағы сапалық өзгерістердің драма табиғатына əсері қадағаланған. Хандық, елдік принциптерін бірінші орынға қойған хан образының жасалу ерекшелігіне көңіл аударылған. Пьеса төрт көріністен тұрады. Бастапқы көріністе Абылайдың жaстық шағы, керуенге ілесіп Арғынға келуі, Дəулетбай байғақалай бала болғаны, ойрaт бaтыры Шарышпен жекпе-жегі, жас батыр ретінде халыққа аты таныла бaстағаны бaяндалады. Екінші көріністе аңда жүріп қапыда ойраттaрдың қолына түсіп, тас зынданда қамалған, тордағы арыстандай арпалысқан Абылaй жəне Қaлдан Серінің жіберген жансыздарының сынынан сұңғылалығының арқасында тaбиғат асыл жаратқан қажыр-қайратымен қиыннан қиялай жол тауып шығaтыны суреттеледі. Кейіннен, Қалдан Серімен бетпе бет қалғанда Абылай бейнесі eрлігімен, тапқыр да шешендігімен тəнті етеді. Қалдан Серінің қoйған дүдамал сауалдарына ұрымтал жауап қатып, алдын орап отырады. Пьесаның үшінші көрінісіндe оқиға ширығып күрделене түседі. Kөріністе тартыстың бір бөлігі Абылай хан мен ел жақсылаларының арасында дамиды.

емтихан билеті № __33_____




1.И.Сапарбай поэзиясндағы Тәуелсіздік туралы толғаныстарын сипаттаңыз.

Исраил Сапарбай (1941 жылы 15 мамырда Өзбекстан Самарқанд облысы Кушрабад ауданында туған) — қазақ ақыны, драматург, аудармашы, сазгер. "Платинды Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты. Парасат орденінің иегері Тәуелсіздкке қол жеткіздік деп айта салу оп-оңай, ал осы тәуелсіздік бабаларымыздың қанымен, жанымен, көз жасымен келгенін түсіну басқа әңгіме. Қатпар-қатпар тарих парақтарын ақтарып отырсақ, сонау ғұндар заманынан бастап сәтті де, сәтсіз де кезеңдерді бастан кешірдік. Айталық өз заманында Шыңғыс ханның даңқы жер әлемге шықты. Ал кеңес заманында отаршылдықтың қамытын киюімізге тура келді. Міне, осындай дөңгеленген дүниеде жақсы мен жаманды қатар көрдік. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну үшін бүгінгі ұрпақ, әсіресе өскелең жастар біздің өткен тарихымызды жақсы білуі керек деп есептеймін. Тәуелсіздік мерекесін бір-екі күн ырдуланып, дырдулатып өткізуге де болады, бірақ біз үшін маңыздысы, шынайы құндылықтарымыздың қадір-қасиетіне жету. Қалай егеменді ел болдық, осы күнге қалай жеттік осыны бала-бақшадағы баладан, қарияға дейін түсініп, сезінбей жүрегімізде тәуелсіздікке деген ізгілік болмайды. Деп толғана өзінің ойын айтады бір сұхбатында Исрайл Сапарбай өз шығармасында да Тәуелсіздікке көптеген шығармаларын арнаған осы сөзіме арқау болатын осы өлең жолдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет