Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Сатираның өзекті мәселелері О.Әубәкіров шығармашылығын талдаңыз



бет53/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91
Байланысты:
Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)

Сатираның өзекті мәселелері О.Әубәкіров шығармашылығын талдаңыз.


Оспанхан Әубәкіров(4 мамыр 1934, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылы-1986, Алматы) - сықақшы. Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композитор-лардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Распенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді. Өз заманының шындығын шымшыма сөзбен жеткізген шығармалары әлі де өзектілігін жоймай тұр. Шығармаларының біріне тоқтала кетсем:
Иттік Бір итті бір ит бұғып кеп
Дәл тірсектен тістеді.
Тістеген ит күшті еді,
Тарқады шері іштегі.
– О, сорлы-ау, мынауың,
Өңің бе еді, түс пе еді?
Өңің болса осыны
Сен істейтін іс пе еді?!
Барып тұрған иттік қой!
Біз несіне күлеміз,
Өзіміз де талай сөйттік қой.

2. А.Әлімұлының «Сағыныш құс жолына түсіп кетті» топтама өлеңдеріндегі адамның тіршілігін суреттеңіз.Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған.


1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы тәмамдаған.
1981-1989 жылдар аралығында «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосы» сияқты республикалық баспасөз салаларында қызмет етті.1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқиды. Ақын А.Әлім «Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Атақоныс», «Кездесу» публицистикалық және өлеңдер жинағының авторы. “Суық күз сұрғылттанып сыз атқанда...” атты өлеңінде адамның тіршілік етуі жайлы баяндалады. Суық күз сұрғылттанып сыз атқанда,Тырна үнін тыңдап жатып ұзақ таңға, – атты жолдарда, күз келіп тіршіліктің басқа бір мезгілі басталғанын анық аңғаруга болады. Алланың жазуынсыз өлер деп пе ең,Алты ай қыс өтіп, тума келер көктем, – Құдайдың жазуынмыз ештеңе болмайды. Мезгілдерді алмастырып, айларды ауыстырып отырған Жаратушы ғана. Бұл өлең жалпы алғанда тіршілік жайында. Адам тіршілігі мен табиғаттың белгілі бір үйлесімдікте болуы туралы айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет