ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 19
Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері. Саяси және мемлекеттік билік. Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері.
Телеологиялық анықтама - Билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.
2 Бихевиористтік анықтама - Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі.
3 Инструменталисттік анықтама - Мұнда билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.
4 Структуралисттік анықтама - Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады.
5 Конфликтілік анықтама - билікті дау- жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
Ал мемлекеттік билік ол саяси биліктің ұйғарған уәкілділігін іске асыратын жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент қалыптастырады, яғни мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы мемлекеттік билікке қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Ал саяси билікте ондай өкілеттік болмайды. Мысалы, саяси партия саяси биліктің құрамында болғанымен саяси партиядан қоғам мүшелері тәуелсіз, партияға бағынатындар әрбір партияның өз мүшелері ғана.
Саяси биліктің негізгі мақсаты – мемлекеттік билікті қалыптастыру. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы сатысы болып табылады. Мемлекеттік билік саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік қоғамның мүддесінен туындайды.Саяси билік негізінен қоғамның,халықтың қалауына байланысты қалыптасатын тарихи үрдіс.Мемлекеттік биліктің заңды болуы оның легитимдігімен, халықтың мойындауымен анықталады.
Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар.
. Әлемдік саясат деп- мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтамыз. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.
Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер Мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саясаттар жиынтығын айтады. Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келеді. Халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты.
Жаһандық перспективадағы білім беру. Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Ресми білім берудің қызметтері.
ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды, білім жүйесінде жаңа бағыттар қаплыптаса бастады. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламалары жетілдіріліп, жаңа типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар, білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болды. Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс-Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүргізілетін жаңа пән. Бұл пән кіріктірілген оқу бағдарламасына 2012 жылы енгізілді. Негізгі мақсаты-білім алушылардың сыни және терең ойлай білу дағдыларын дамыту және олардың ой-өрістерін кеңейту. Жаһандық перспективалар пәні дамытатын дағдылар бірнеше оқу элементтеріне бөлінеді. Оқу элементтері де суб-элементтерге бөлінеді. Аталған суб-элементтер пәннің негізгі оқу мақсаттарын құрайды.
Білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. Тіл – адамзаттың білімі мен тәжірибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы.Ол адамның ой-пікірін және адамдардың бір-бірімен байланыстарытан құрал. Танымды білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар.Олардың әрқайсысы жоқ объектілердің қарым-қатынастары болған уақытта қолданылып отыратын бейнесі (суреті) болып саналады.
Осы таңбаларды,символдарды адам оқу, тәрбие процестерінде біліп үйренеді, сонан кейін оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып отыру үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |