Емтихан билеті №12 Қиындатылған және күрделендірілген есептеулердің алгоритмін келтіре отырып түсіндіріңіз


Газдардың салыстырмалы тығыздығы бойынша берілетін есепті шығару алгоритмін талқылаңыз



бет7/9
Дата15.12.2023
өлшемі439,23 Kb.
#138191
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Газдардың салыстырмалы тығыздығы бойынша берілетін есепті шығару алгоритмін талқылаңыз.
Кез-келген екі газдың бірдей көлемдерінде молекулалар саны бірдей болады, сондықтан газдардың салыстырмалы тығыздығын анықтауға болады.
D – салыстырмалы тығыздық. Салыстырмалы тығыздықты келесі формула бойынша анықтайды:
D=Мr(1-газ)/Мr(2-газ)
Демек, салыстырмалы тығыздық дегеніміз – бірінші газдың молекулалық массасының екінші газдың молекулалық массасына қатынасы. Осы формуладан белгісіз газдың молекулалық массасын табуға болады:
D∙Мr(2-газ) =Мr(1-газ)
Мұндағы: Мr(1-газ) – бірінші газдың молекулалық массасы; Мr(2-газ) – екінші газдың молекулалық массасы.
ә) Клайперон-Менделеев теңдеуі бойынша:
PV = .
в) Авогадро заңының салдары бойынша:
1 моль газ 22,4 л көлем алады:
,
сонда:
М = 22,4 m1/V1


Мысал. Көмірқышқыл газының 1 молекуласының массасын табыңыздар.
Шешу жолы. Көмірқышқыл газының (СО2) салыстырмалы молекулалық массасы – 44,0, сондықтан СО2-нің мольдік массасы – 44,0 г/моль. СО2-нің 1 молінде 6,02∙1023 молекула бар, сонда 1 молекуланың массасы былай табылады:

m = = 7,31∙10-23 г.


Авогадро заңы бойынша бірдей температура мен бірдей қысымда алынған кез келген газдардың тең көлемдерінде молекулалардың саны да тең болады.


Басқаша айтқанда, кез келген газдардың молекулаларының тең саны бірдей жағдайда бірдей көлем алады. Сонымен қатар кез келген газдардың 1 молінде молекулалар саны бірдей болады. Сондықтан бірдей жағдайда кез келген газдың 1 молі белгілі көлем алады. Бұл көлемді газдың мольдік көлемі деп атайды, ол қалыпты жағдайда (0ºС; 101,325 кПа) 22,4 литрге тең.


3. А затын күкірт қышқылында еріткенде көк түсті зат түзіледі. Егер осы затқа бөлме температурасында В затының артық мөлшерін қосса көкшіл түсті суда ерімейтін С заты түзіледі. Ал, егер де В затын 90-1000С температурада қосса, қара түсті А затының тұнбасы түзіледі. Есепте қандай заттар жайлы сөз қозғалып отыр? Барлық реакция теңдеулерін жазыңыз.


Шешуі: Қыздырғанда қараятын көк түсті зат мыс гидроксиді, ол суда ерімейді. Суда ерімейтін қара зат – мыс оксиді. Ендеше: A – CuO , B – кез-келген сілті, мысалы NaOH, C – Cu(OH)2.
Реакция теңдеулері:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет