Емтихан билеті №12 Қиындатылған және күрделендірілген есептеулердің алгоритмін келтіре отырып түсіндіріңіз


Заттың қарапайым формулаларын (қарапайым және молекулалық) анықтау алгоритміне талдау жасаңыз



бет9/9
Дата15.12.2023
өлшемі439,23 Kb.
#138191
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Заттың қарапайым формулаларын (қарапайым және молекулалық) анықтау алгоритміне талдау жасаңыз.
Химиялық формулалар қарапайым және нақтылы формулалар деп екіге жіктеледі. Қарапайым формула зат молекуласының ең кіші бүтін сандармен алынған атомдық құрамын білдіреді. Оны табу үшін заттың процентпен немесе массалық бірлікпен алынған құрамы мен элементтердің атомдық массаларын білу жеткілікті. Нақтылы формула зат молекуласы құрамына кіретін элемент атомдарының дәл санын көрсетеді, сондықтан оны табу үшін заттың сандық құрамынан басқа молекуласының массасын білу керек.
1 мысал. Құрамында 32,43% натрий, 22,55% күкірт, 45,02% оттегі бар заттың қарапайым формуласы қандай? Шешуі. Алдымен формуласы ізделіп отырған зат молекуласындағы натрий, күкірт және оттегі элементтерінің грамм-атом санын табу керек. Ол үшін проценттік қатынастарды массалық бөлік қатынастарымен алмастырып, сәйкес атомдық массаларға бөлеміз. Нәтижесінде бөлшек сандар қатынасы шығуы мүмкін, оларды бүтін сандарға айналдырамыз. Бұдан шыққан сандар формуладағы атомдар таңбасына индекс болып жазылады. Айтылғандарды орындалу тәртібі бойынша кесте түрінде былай жазады:

Осы мысалды басқаша жазып шығаруға да болады. Ол үшін формуласын іздеп отырған заттың молекуласы құрамына кіретін натрий атомдары санын x-пен, күкірт атомдары санын y-пен, оттегі атомдары санын z-пен белгілейміз. Есептің шартында берілген массалық бөліктеріне және элементтердің атомдық массаларына сүйеніп белгісіздердің мәнін табамыз:

Осыдан молекула құрамына кіретін элемент атомдары санының өзара қатынасы :

немесе: 2:1:4 қатынасындай болады.
Ендеше, заттың қарапайым формуласы – Na2SO4.
Келтірілген мысалда заттың қарапайым және нақтылы формулалары бірдей болып шықты, әдетте, бұл екеуі бір-біріне сәйкес келе бермейді.
2 мысал. Құрамында 35% азот, 5% сутегі және 60% оттегі бар тұздың молекулалық формуласы қандай болады?
Шешуі. Оңай дөңгелектенетін сандар шығу үшін бұл мысалды былай шығаруға болады:
а) Заттың құрамында үш элементтің атомдары бар. Алдымен осыларды кез-келген біреуінің, мысалы азоттың бір атомына келетін басқа элементтер атомының санын табамыз. Сонда заттың жорамал формуласы NHxOy .
ә) Азоттың 1 атомына келетін сутегі атомының саны:

б) Азоттың 1 атомына келетін оттегі атомының саны:

Бұдан атомдар санының қатынасы 1:2:1,5.
в) элемент атомдарының бөлшек сандарын бүтін сандармен алмастыру үшін екіге көбейтеміз, сонда N2H4O3 (NH4NO3) формуласы шығады.
3. Жабық ыдыстарда А және В газдары берілген. А газының жағымсыз иісі бар, В газы – тұншықтырғыш. А газы оттекпен әрекеттескенде 5,4 г су және С газы түзіледі. С газы ауада оңай қоңыр түсті Д газына айналады. В газы суда өте нашар ериді, оның ерітіндісі лакмусты қызыл түске бояйды. В газының судағы ерітіндісіне күміс нитратын қосқанда 14,35 г ірімшік тәрізді ақ тұнба түзіледі. А мен В газдарын бір-біріне қосқанда Е тұзы түзіледі. Қыздырғанда ол қайтадан А және В газдарына ыдырайды. А, В, С, Д, Е заттарын анықтап, олардың формулаларын және тиісті реакция теңдеулерін жазыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет