Емтихан билеті №12 Қиындатылған және күрделендірілген есептеулердің алгоритмін келтіре отырып түсіндіріңіз



бет8/9
Дата15.12.2023
өлшемі439,23 Kb.
#138191
1   2   3   4   5   6   7   8   9
емтихан билеті № 17
1. Кез-келген есепті шығару барысында біз əрекеттің логикалық жəне практикалық екі түрін жасалынады: 1) алгоритмдік – үлгі бойынша əрекет; 2) эвристикалық – осы үлгіні іздестіруге бағытталған əрекет – осы екі әрекеттің бір-бірінен айырмашылығын түсіндіріңіз.
Əр жаңа есепті шығару барысында адам үлгі бойынша əрекет етуі үшін, оның өз санасында алдын ала шешілген қарапайым бейнесі – сол жағдайдың үлгісі болу керек жəне өз санасында ол зерттей бастайтын жайттың үлгісін жасауы тиіс. Модельдеу үдерісінде адам өзінің модельді нысандарына есепті шешудегі тек неғұрлым маңызды, шынайы, сондықтан бірегей жəне қайталанбайтын кескін қалдырып, зерттелу объектілерінің жеке ерекшеліктерінен дерексіздендіріледі.
Есепті шығару кезінде іздеcтіру қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ой қызметінiң екi түрiмен сəйкес шартты екi түрге бөлетiн əр түрлi нұсқаулар жасалған: алгоритмдік жəне эвристикалық. Есепте қойылған сұраққа жауап алуға əкелетін орындаудағы іс-əрекет жүйелілігі берілген есеп шешімінің алгоритмі деп аталады.
Егер, есеп стандартты емес болып табылса, онда нақты кезеңде оны шығаруда міндетті түрде проблема туындайды: əрі қарай не істеу керек? Яғни есеп жағдайын таныс түрге əкелу жəне алгоритмдік əрекетке қайта келу үшін қандай ойлау жəне практикалық əрекеттерді жасау керек екенін анықтау керек. Бұл мезетте іздестіру эвристикалық əрекетіне тарту іске асады.
Эвристикалық қызмет үшін əрекеттің реттелген жүйесінің, байқау мен қателер əдісін қолданудың, интуицияға тірек жəне басқа есептерді шығаруда өзінде бұрын жүре болған, мүмкін аңдаусыз болған тəжірибенің болмауы тəн. Бұл іздестіру саналы, реттелген жəне мақсатты болу үшін стандартты емес есептерді стандартты есептерге айналдыруда арнайы ұсыныстар жасалады. Бұл ұсыныстар эвристикалық деп аталады. Ұсынылған əрекеттердің жалпыланған дəрежесіне қарай эвристикалық ұсыныстарды үш деңгейге бөледі:
Біріншіден, стандартты емес есептерді бір немесе бірнеше стандартты есепке айналдыру.
Екіншіден, екінші деңгейлі эвристикалық ұйғарымдарға келесі кеңестерді жатқызуға болады:
1) Есептің мазмұнын зейін қойып тағы бір талдаңыз жəне берілген жағдайға неғұрлым қарапайым үлгі жасаңыз.
2) Жалпы мазмұнға сүйеніп заңдылықты шығарып алыңыз (симметрия идеясына, сақталу заңына, қарапайымдылық, салыстырмалылық, себептілік қағидалары, суперпозиция, анықталағандық қатынасына сүйене отырып, ұқсастықты қолдану).
3) Есепте қаралатын заттар мен процестердің ерекшеліктеріне көңіл аударыңыз. Есептің өзін немесе онда қаралатын нысандарды бөлімдерге бөліңіз, оларды қайта құрастырыңыз.
4) Есеп шартының нақтылау дəрежесін уақытша өзгертіңіз.
5) Өз жұмысыңыз үшін ыңғайлы жағдай жасаңыз.
6) Өзіңізді қарастырылатын нысан орнына қойып көріңіз.
Үшіншіден, нақты ұсыныстар эвристикалық тəсіл деп аталады. Эвристикалық тəсілдерді екінші деңгейлі эвристикалық ұсыныстармен жобалау сəйкестігімен алты біріктіру жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет