Емтихан билеті №12 Қиындатылған және күрделендірілген есептеулердің алгоритмін келтіре отырып түсіндіріңіз


Химияның негізгі ұғымдары мен түсініктері бойынша жүргізілетін есептердің түрлері және шығару алгоритмін талдаңыз



бет4/9
Дата15.12.2023
өлшемі439,23 Kb.
#138191
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Химияның негізгі ұғымдары мен түсініктері бойынша жүргізілетін есептердің түрлері және шығару алгоритмін талдаңыз.
Химияның негізгі түсініктері.
Атом дегеніміз жай және күрделі заттардың молекулаларының құрамындағы химиялық элементтердің ең кіші бөлігі. Атомдар бір-бірімен әрекеттескенде молекулалар түзіледі
Молекула дегеніміз – заттың химиялық қасиетін сақтайтын ең кішкене бөлшегі. Молекулалар әртүрлі атомдардан және тек бірдей атомдардан құрылады. Егер зат атомдардың бір түрінен құрылса, оны жай зат дейді. Ал, әр түрлі атомдардан құрылған зат - күрделі зат деп аталады. Мысалы, О2 – жай зат, СаСО3 – күрделі зат.
Химиялық элемент дегеніміз – ядроларының заряды бірдей болатын атомдардың жиынтығы. Мысалы, оттек – элемент. О – атом, ядро заряды «плюс» 8.
Әрбір элементтің символы болады (Сu – мыс, Н – сутек, О – оттек, Ве – бериллий, Ті – титан, Ғе – темір, S – күкірт, Р – фосфор, Са - кальций).
Заттардың құрамын химиялық формуламен белгілейді. Химиялық формула жазу үшін заттың құрамындағы элементтердің символын жазып, оның санын көрсетеді: Na2O, CaO, H2SO4, NaOH. Атом біреу болса, индекс жазылмайды. Атом сандарын көрсетіп жазған формуланы заттың шынайы немесе молекулалық формуласы дейді, ал атом санын көрсетпесе, эмпирикалық немесе қарапайым формуласы дейді.
Ал егер элементтер арасындағы байланыстарды сызықтармен көрсетсе, графикалық немесе құрылымдық формула түзіледі:



Н – О – Н

Са = О






Кейбір элементтерден әртүрлі жай заттар түзіледі. Олардың осындай қабілетін аллотропия дейді. Мысалы, О3 – озон, О2 – оттек. Демек, озон – оттектің аллотропиялық өзгерісі.

Валенттілік. Заттардың молекулалары оларды құрастыратын элементтердің валенттілігіне сәйкес құрылады. Валенттілік дегеніміз – элемент атомының химиялық байланыс түзу қабілеті. Екі элементтің арасында түзілетін химиялық байланыстың саны осы элементтің валенттілігі болып табылады. Мысалы, сутек атомы әрқашанда бір байланыс түзе алады. Ол – бір валентті. Сондықтан мынадай қосылыстарда: NH3 – азот 3 валентті, H2S – күкірт 2 валентті. Кейбір элементтер сутекпен қосылыс түзе алмайды, сондықтан оның валенттілігін оттекпен түзген қосылысы бойынша анықтайды. Оттек атомы әрқашанда екі байланыс түзеді. Ол – әрқашанда 2 валентті. Сонда, Na2O, СаО, SiО2 деген қосылыстарда натрий – 1 валентті, кальций – 2 валентті, кремний – 3 валентті.
Химиялық формулалар күрделі заттардың құрамын көрсетеді. Химиялық формуладан заттың атын, оның бір молекуласын, молекуланы қандай атомдар құрайтынын, әр элементтің қанша атомдары құрайтынын, молекуланың молярлық массасын және әрбір элементтің қандай масса мөлшерінде қосылатынын білуге болады. Мысалы, H3PO4 формуласы бұл зат фосфор қышқылы екенін, оның бір молекуласын, құрамы сутек, фосфор, оттектен және осы элементтердің атомдарының санын және молярлық массасы – М (H3PO4) = 98 г/моль екенін көрсетеді.
Химиялық теңдеулер. Химиялық реакцияларды химиялық теңдеулер арқылы көрсетеді. Теңдеудің сол жағына реакцияға түсетін заттардың таңбалары мен формулалары, ал оң жағына реакция нәтижесінде түзілетін заттардың таңбалары мен формулалары жазылады. Теңдеудің сол жағы мен оң жағындағы әр элементтің атом сандары тиісті коэффициенттер қойылу арқылы теңестірілуі керек.
Салыстырмалы атомдық масса. Ar - табиғи изотоптық құрамы бар элемент атомының орташа массасының 12С көміртек атомының 1/12 массасына қатынасы. Мысалы, Ar(Н), Аr(O), (r – relative -салыстырмалы).
Салыстырмалы молекулалық масса. M r - табиғи изотоптық құрамы бар элемент молекуласының орташа массасының 12С көміртекі атомының 1/12 массасына қатынасы. Салыстырмалы атомдық массаның және салыстырмалы молекулалық массаның өлшем бірлігі жоқ.



Моль – бұл 0,012 кг көміртек 12С изотобында болатын атомдар санына тең құрылымдық бірліктер (молекулалар, атомдар, иондар, электрондар немесе басқалары) болатын заттың мөлшері.Зат массасының зат мөлшеріне қатынасындай шаманы молярлық масса дейді.
, сонда: M= г/моль,
m – зат массасы, г, кг;
n – зат мөлшері, моль.

Мысалы: Төменде келтірілген қосылыстардың шынайы химиялық формулаларын жазыңыздар.


алюминий оксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, литий оксиді, темір (ІІ) сульфаты, темір (ІІІ) хлориді, кремний диоксиді, титан (ІV) сульфаты, қорғасын (ІІ) оксиді, қорғасын (ІV) сульфаты.

Шешуі:
А)Al2O3;SO2;Li2O;FeSO4;FeCl3;SiO2;Ti(SO4)2;PbO;Pb(SO4)2




3. Бес нөмірленген сынауыққа келесі заттардың ерітінділері құйылған: барий хлориді, натрий хлориді, алюминий нитраты, калий карбонаты және күкірт қышқылы. Оптималь жоспар құрып және басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын анықтаңыз. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.



Шешуі:
Теориялық матрица.

Реакция теңдеулері:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет