Көміртек айналымы – табиғатта көміртектің үздіксіз айналу құбылысы. Тірі организмдердегі көміртектің құрамы (құрғақ затқа шаққанда): су өсімдіктері мен жануарларда 34,5 – 40%, құрғақтағы өсімдіктер мен жануарларда 45,4 – 46,5%, бактерияларда 54% болады. Организмдердің өмір сүру процесі кезінде, негізінен, тыныс алу арқылы органик. қосылыстар ыдырап, сыртқы ортаға көмір қышқыл газы бөлінеді. Сондай-ақ көміртек, зат алмасудың күрделі соңғы өнімдері құрамынан да бөлінеді. Жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін жойғаннан кейін де микроорганизмдер әрекетінен шіріп, көміртектің біраз бөлігі көмір қышқыл газына айналады. Фотосинтез нәтижесінде өсімдікке сіңеді, одан көмірсуға, крахмалға, т.б. айналады, қорегі арқылы тірі организмдерге ауысады. Демек, табиғаттағы К. а., оның Жер қыртысындағы жинақталуы мен таралуы, едәуір дәрежеде атмосферадағы көмір қышқыл газының фотосинтез кезінде ассимиляцияға ұшырайтын өсімдік организмдерінің өмір сүруімен тығыз байланыста өтеді. Шіру, жану және дем алу нәтижесінде көміртектің белгілі бір бөлігі атмосфераға қайтып оралады, қалғаны органик. немесе карбонаттық қалдық түрінде бөлінеді, минералданып көмір, мұнай, әктас, т.б. кен шоғырларын түзеді. Көміртек атмосфераға адамзаттың өндірістік әрекеті салдарынан да бөлінеді.
Биогеоценоз.
Экожүйе және биогеоценоз ұқсас ұғымдар, синонимдер деп те атайды . Экожүйелер – жер шарындағы зат және энергия ағымы үздіксіз жүріп жататын тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи кешендер. Экожүйелер кӛлемі және биомассасы тұрғысынан ірі және кішігірім аймақтардан тұрады. Негізгі қасиеті әр түрлі деңгейде болуы. Ең жоғарғы ұйымдасқан деңгейі – биосфера. Бұдан 50 жылдай уақыт бұрын орыс минерологы және геохимигі В.И.Вернадский зерттеу қортындысында, біздің планетамыздағы барлық организмдер, жиынтығын – тірі заттар деп атады.