Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»



бет118/172
Дата12.05.2022
өлшемі5,83 Mb.
#34063
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   172
Байланысты:
Өсімдік географиясы ответ

Реликт (лат. реліцтұм — қалдық) — геологиялық замандарда кеңінен таралған, осы кезде тек шағын алқаптарда сақталған өсімдіктер мен жануарлар түрлері немесе табиғи бірлестіктер. Реликттер өздері тіршілік еткен заманның жасымен: мыс., палеозой заманымен (латимерия), мезозой заманымен (гаттериягинкго), кайнозой заманымен (секвойяқортық қайың, т.б.) ерекшеленеді. Кайнозойдың мұздану немесе мұзданудан кейінгі кезеңінен сақталған Реликт өсімдіктер мен жануарлар палеонтологиялық Реликтілер деп аталады. Қазақстанда нағыз Реликт жануарларға қоқиқаз бен реликт шағала жатады: олардың алғашқысы байырғы мекенінен тым алыстап кеткен, соңғысы тек Алакөлдің алабында ұялайды. Жануарлар мекенінің өзгеруі олардың тіршілік жағдайларының ұзақ уақыт өзгеріп отыруына байланысты. Қазір жұпартышқан, Мензбир суырыжалманҮстірт арқарының таралу аймағы тарылып кетті. Ал Жетісу аяқтыбалығы Қазақстанда ғана сақталып қалған. Ертеде ылғалды жерлерді қоныс еткен, оңт. өңірлерге ғана тән кейбір жануарлар (кіші аққұтан, сары құтан, сұлтан тауығы, қырғауыл, бірқазандар, т.б.) Реликт жануар ретінде Каспий т-нің солт-нде тіршілік етеді. Қазақстанда Реликт өсімдіктер деп Шарын өз-нің аңғарында кездесетін шаған (ерен) тоғайын атауға болады. Ғалымдар ол тоғайдың жасын 25 млн. жылға теңеп отыр. Мұндай тоғай қазір АҚШ-тағы Колорадо штатындағы Үлкен каньонда ғана сақталған. “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында кездесетін тораңғы тоғайы да Реликт түрге жатады. Мұздану кезеңінен сақталған Алматы облысындағы Шынтүрген шыршалы алқабы — бір кездегі солт. тайганың қылқан жапырақты орманының қалдығы. Мұндай Реликт түрлерге БурабайЗеренді өңіріндегі сфагнум мүгінҚарқаралы алқабындағы шымтезекті батпақты биоценозды жатқызуға болады. Реликт түрлерінің ғыл. маңызы зор. Олардың таралу аймағы тарылып, санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет