Түркістан сілеусіні
Түркістан сілеусіні сирек кездесетін түр. Бұлардың да таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Олар Тянь-Шань жотасы мен Қаржантау, Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей, Теріскей, Кетмен, сондай-ақ Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр тауларында таралған.
Қар барысы
Барыс саны мен таралуы азайып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Қазақстан, Тянь-Шань, Қаржантау мен Өгем, Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей, Теріскей, Кетмен, Жоңғар Алатауының шеткi сілемдері, Алтын Емел, Шолақ, Maнтай және Қайқан, сондай-ақ Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |