Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»


Қосжарнақтылар класы. Сипаттама,систематикасы



бет155/172
Дата12.05.2022
өлшемі5,83 Mb.
#34063
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   172
Байланысты:
Өсімдік географиясы ответ

Қосжарнақтылар класы. Сипаттама,систематикасы

Қосжарнақтылар класы (магнолиопсидтер)(Magnolіopsіda) Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны – 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа – камбий болады.
К.Линней өз еңбегінде өсімдіктерді түрге туысқа тұқымдасқа класқа бөліп жіктеп қарастырғанын білеміз, дара және қосжарнақтылар класы деп. Дара да бір жарнақ ал қос та екі жарнақ. Жапырағы қауырсын немесе саусақ салалы жүйкеленген, тамыры кіндік тамырлы. Қосжарнақтылар бұлар жабық тұқымды өсімдіктер, олардың барлығы гүлді өсімдіктер . Гүлдеу нәтижесінде өсімдіктер жеміс пен тұқым түзеді. Құлқайыргүлділер сияқты раушангүлділер мен бұршақ тұқымдастарда қосжарнақтылар класына жатады.

Дүнижүзінде раушангүлділердің 3000 аса түрі бар, біздің Республикамызда да көптеген түрлерін кездестіруге болады. Мысалға : мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштары және бұталы түрлері- раушан мен итмұрын сонымен қатар көпжылдық шөптекті түрлері де бар теңгежапырақ, қойбүлдірген т.б. Тікенекті және тікенексіз сабақтарымен де болады.

Раушангүлділер жапырақтары бірдей болмайды жай және күрделі жапырақты , қауырсын , саусақ салалы. Раушангүлділер ағаш , бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері қос жынысты, сирек дара жыныстылары да кездеседі. Гүлшоғырлары әр түрлі, гүлсеріктері қосқабатты, бес тостағанша жапырақша, бес күлте жапырақшадан тұрады. Аталықтары өте көп, кей түрлерінде төрт, сегіз , тоғызданда кездеседі олар ұзынды қысқалы болып шеңбер құра орналасады. Аналықтары біреу де көп те болады. Ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Жемістері құстар, жарқанаттар мен су арқылы таралады.

Жемістері :

• құрғақ жемісті – шыршай теңгежапырақ;

Шырынды жемісті- алма, шие т.б.;

• сүйекті шырынды –мойыл шие; құлпынай, итмұрын құрама жаңғақшалы құрғақ жемісті;

• тұқымдарында эндосперм болмайды.

Итмұрын гүлінің формуласы Т(5)К5А…Ж

Жабайы алхорының /терн/гүлінің формуласы Т(5)К5А20Ж1


Раушангүлділердің жабайы, мәдени, сәндіктері де бар.Сәндік гүл раушанды алатын болсақ ол жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме.итмұрында аталықтар саны өте көп жүзге тарта соларды адамның еңбегінің арқасында күлтеге айналдырды , содан бұйраланған раушан гүлі пайда болған. Қазіргі кезде жиырма бес іріктемесі шығарылған. Олардан май, парфюмерия саласында пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет