Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»



бет166/172
Дата12.05.2022
өлшемі5,83 Mb.
#34063
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   172
Байланысты:
Өсімдік географиясы ответ

Дара жарнақтылар (Мonocotyledones) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады. Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі. Алисмалар (Аlіsmatіdae) – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.). Гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған (апокарпты). Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа). Арецидалар (Аrecіdae) – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.). Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған. Гинецейі – түйіні көп ұялы (ценокарпты). Тұқымы – эндоспермді. Лалагүлділер (Lіlііdae) – жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер (қызғалдақ, құртқашаштар, қияқөлең, орхидея, т.б.). Гинецейі – ценокарпты (сирек апокарпты). Гүлі – жай гүл серікті, тостағанша жапырақшалары болмайды, шашақ гүлшоғырына топталады, ірі гүлі жеке-жеке орналасқан, жәндіктер арқылы тозаңданады. Тұқымы – эндоспермді. Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш, қант қамысы, пальма, т.б. сондай-ақ әсемдік үшін егілетін қызғалдақ, лалагүл, т.б.) шаруашылық маңызы өте зор. Дара жарнақтылар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.
СИСТЕМАТИКАСЫ

Бөлім Жабықтұқымдылар -Angiospermatophyta (Magnoliophyta).

Бөлім дapажapнaқтылap және қoсжapнaқтылap класына бөлінеді.

Класс Дapажapнaқтылap:

Тұқымдас 1. Лалагүлділер – Liliaceae; (қызғалдақ, құртқашаштар, қияқөлең, орхидея)

Тұқымдас 2. Астықтұқымдас – Graminacea. (бидай,сұлы)






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет