Саванна тропикалық ормандар мен шөлдер арасында таралған және жылына 250-ден 500 мм-ге дейін және одан да көп жауыншашынның жалпы саны кезінде құрғақ және ылғалды маусымдардың нақты ауысуы жағдайында дамитын биоманың түрі. Саванналар-тропикалық аймақтың әр түрлі биіктіктегі астық тұқымдас шөпті өісімдіктер қауымдастықтары және бұталар мен ағаштардың қатысуымен сипатталатын жамылғы. Саваннаның үлкен аудандары Африкада, Оңтүстік Америкада, Азияда және Австралияда таралған. Бұл қауымдастықтардың маусымдық ырғағы жауын-шашынның жиілігімен байланысты. Саванна жамылғысы әртүрлі климаттық жағдайларда өмір сүреді, олар ұзақ құрғақ маусымы бар аймақтарға (Африкадағы Судансаванналары және Бразилияның орталық аймақтарындағы серрадос) және ылғалды тропикалық климаты бар аймақтарға (Гвинея саванналары) тән. Ылғалды және жартылай құрғақ саванналар қауымдастықтарының едәуір бөлігі қазіргі таралу кезінде тропикалық ормандардың орнында құрғақ шөпті жағу үшін әдейі қолданылатын егістік жерлерді кесу, тегістеу және тазарту нәтижесінде пайда болды.
Жауын-шашынның мөлшері мен құрғақ кезеңнің ұзақтығына байланысты шөптің биіктігі мен тұтасуының айырмашылығына байланысты саванналардың бірқатар негізгі формациялары бөлінеді. Ылғалды саванналар құрғақ кезеңнің ұзақтығы жылына 3 - 5 ай және 800 - 2000 мм жауын-шашынмен дамиды. Бұл саванналарда биік-1,5-тен 3 м-ге дейін және одан да биік шөптесін өсімдік қауымдастықтары, ылғалды кезеңде жасыл түске еніп, құрғақ кезеңде кеуіп қалады.Сонымен бірге араларында кейде ағаш түрлерінің жалғыз ағаштардың немесе шашылып өскен ағаштар кездеседі. Шөп жамылғысының екі ярусы ерекшеленеді; ұзын және кең жапырақтары бар ірі астық тұқымдастардан құралған жабық жоғарғы ярус, түрлердің саны аз, бірақ олар саванна фитомассасының негізгі бөлігін құрайды. Төменгі ярусты аралары өте сирек өскен көпжылдық шөпттесін қосжарнақтылардың кейбір түрлері құрайды. Өсімдіктердің вегитациясы ылғалдылықпен анықталады және олардың дамуының басталуы жаңбыр басталған кезеңге келеді.