Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»


продуценттер (өндірушілер)



бет58/172
Дата12.05.2022
өлшемі5,83 Mb.
#34063
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   172
продуценттер (өндірушілер);

  • консументтер (тұтынушылар);

  • редуценттер (ыдыратушылар).

    Биоценоздың ең үлкен ерекшелігінің бірі оның өзгергіштігі, әр түрлі биоценоз өзінің биотобын және әр қандай биотоп сол жердің биоценозын құрайды. Климат, геологиялық және биотикалық факторлар әр уақытта өзгеріп тұрады. Бірақ биоценоздың дамуына түрлі нәрселер себеп болады. Оларға биотоптың биоценозға әсері (акция), биоценоздың биотопқа (реакция) және организмдердің бір-біріне әсері (коакация) жатады. Биотоптың биоценозға әсері (акция)әртүрлі көріністе болады, яғни климаттық және геологиялық әсерлердің биоценозға әсерінен түрлі өзгерістер болады. Мысалы: түрлердің морфологиялық, физиологиялық және экологиялық ортаға бейімделуі немесе түрдің жасап тұруы және жойылуы, түрлер санының басқарылуы және басқалар.

    Биоценоздар өзгеріссіз тұрмайы, олар дамиды, эволюцияға ұшырайды, жалпы организмдердің жағдайы мен өмірінде және популяция қатынасында үнемі өзгерістер болады. Кез-келген биоценозда болатын барлық әр түрлі өзгерістерді циклдік және прогрессивті деп бөлуге болады.

    Қауымдастықтардағы циклдік өзгерістер сыртқы жағдайлардың күнделікті, маусымдық және көпжылдық кезеңділігінің әсерінен болады.

    Биоценоздардағы күнделікті өзгерістер неғұрлым қоршаған ортаның күндіз және түндегі температурасы, ылғалдылығы және басқа да факторларының айырмашылығы көп болған сайын айқын бола түседі. Күнделікті ырғақтарды тропиктен тундраға дейінгі барлық аймақтардың қауымдастықтарында байқауға болады.

    Биоценоздардың маусымдық өзгергіштігі тек жай-күйі мен белсенділігінің өзгеруімен ғана емес, сонымен қатар олардың көбею циклдарына, маусымдық көші-қонға, жыл бойына түрлердің жойылуына және т. б. байланысты жекелеген түрлердің сандық арақатынасының өзгеруімен де көрінеді.

    Көпжылдық өзгергіштік қауымдастыққа әсер ететін сыртқы жағдайлардың жылдар бойынша өзгеруіне байланысты жүреді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   172




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет