3.Сахара-Аравия облысы
Алып жатқан аумағы: Африканың Жерорта теңізі жағалауы, Араб түбегінің бөлігі, субтропиктік климаттық белдеудің бөлігі болып табылатын аудандар. Атластың таулы аймақтарын, шөлдердің бір бөлігін алады.
Флорасы онша бай емес (шамамен 1500)түр, оның ішінде жергілікті түрлері-300. Жерортатеңіздік және Иран-тұрандық өсімдіктер біршама көп, мысалы түйе тікенегі (Alhagi) және жүзгін (Calligonium). Облыстың оңтүстік бөлігінде Судан флорасының өкілдері - түрлі акациялар таралған. Эндемиктік түрлер аз емес, ал түрлік эндемизм 25%-дан кем емес.Сабақты және жапырақты етті ірі суккуленттер- алоэ, сүттіген түрлері, құмды шөлде өсетін дәнді аристид түрлері тән. Өсімдік жамылғысында шөлді және шөлейтті өсімдік түрлері басым.
Достарыңызбен бөлісу: |