I – Голарктикалық патшалық.
Облыстар: 1 – Циркумбореалді;
2 – Шығыс азиялық;
3 – Атлант – Солтүстік Америкалық;
4 – Қырлы таулар;
5 – Макаронезийялық;
6 – Жерорта теңіздік;
7 – Сахара – Аарабиялық;
8 – Иран – Тұрандық;
9 – Мадрендық;
Құрлықтың флористикалық аудандарының сипаттамасы
Патшалық
|
Патшалықша
|
облыс
|
Географиялық ерекшелік
|
биомдар
|
Эндемикті таксондар
|
Голарктикалық
|
Бореалды
|
Циркум
бореалды
|
Еуросібір-Канада аймағы. Еуропаның солтүстік бөлігін, Азияны, Канаданы қамтиды. Оның басым бөлігі Ресей аумағында орналасқан.
|
Тайга, қылқан жапырақты және аралас ормандар.
|
Аймақтың флорасында эндемикалық тұқымдастар жоқ,бірақ эндемик түрлер бар. Әсіресе Альпі, Пиреней, Кавказ, Сібір, Канада эндемиктерге бай. Қылқанжапырақтылардан қарағай, шырша, май қарағай және балқарағай түрлері кеңінен таралған. Жалпақ жапырақты ормандарға тән жапырақтылардан мына өсімдіктер таралған: емен , шамшат, қайың , терек , тал, шегіршін, жөке, грек жаңғағы, қызыл тал. Сондай-ақ қара бүлдірген, долана, алмұрт , алма, шетен, ырғай, жидек, ит бүлдірген түрлері де тән.
|
Шығыс
азиялық
|
Бұл ауданға шығыс Гималай, Үндістанның солтүстік-шығысы, Қытайдың көп бөлігі және Тайваньар,. Корея түбегі, Рюкю, Кюсю, Сикоку, Хонсю, Хоккайдо, Бонинарры, Солт-шығыс Моңғолия т.б. Ауыспалы ылғалды, аралас және жалпақ жапырақты орман.
|
Ауыспалы ылғалды орман, аралас және жалпақ жапырақты орман.
|
Мұнда 14 эндемиктік тұқымдас пен 300-ден астам эндемитік түрдің болуы ерекше. Эндемиктік тұқымдастардан ежелгі гинктер, троходендрон;
|
Атлант- солтүстік америкалық
|
АҚШ-тың Атлант жағалауының, әсіресе Аппалачтың флорасы Шығыс Азия флорасымен ұқсастығы түрлер мен туыстардың жалпы санының едәуір көп болуымен байланысты
|
Орманды дала, дала, ауыспалы -ылғалды және мәңгі жасыл орман
|
Мұнда 2 эндемиктік тұқымдас және көкнәр, раушангүлді, шыршагүлділер тұқымдасынан шамамен 100 эндемиктік түрі бар.
|
Жартасты таулар
|
Батыс Канаданың тау жүйелерін және Аляскадан Нью-Мексикоға дейінгі Солтүстік Американың батыс штаттарын қамтиды.
|
Биіктік белдеулік
|
Гүлді өсімдіктерден эндемиктік тұқымдастар мұнда кездеспейді. Бірнеше ондаған эндемиктік немесе эндемикке жуық түрлер бар. Облыстың солтүстік бөлігінде майқарағай, қарағайдан тұратын қылқанжапырақты ормандар таралған, сондай-ақ кипарис ағаштары өседі.
|
Ежелгі жерортатеңіздік патшалықша
|
макаронезия
|
Африка жағалауына, Еуропаның оңтүстікбатыс шетіне жақын орналасқан Атлант мұхитының аралдары кіреді: Азор, Канар, Кабо-Верде, Мадейра және Сельваген ар-ры. Климаты тропиктік және субэкваторлық.
|
Қатты жапырақты мәңгі жасыл орман.
|
Эндемиктік түрлер (шамамен 30), оның жартысынан астамы Канар аралдарында өседі. Эндемик өсімдіктеріне Канарлық финик пальмасы, айдахар ағашы жатады.
|
Жерорта- теңіздік
|
Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка жағалауы, Атлас тауларының солтүстігі, Израиль мен Ливан жағалауы. Субтропиктік құрғақ (жерорта теңіздік типті) климаттың таралу зонасы.
|
Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар.
|
Лавр, платан, зәйтүн, еменнің қатты жапырақтары мәңгі жасыл ағаш түрлері, қарағай түрлері, қойбүлдірген ағашы, аршагүл түрлері, ладанник, фисташкиді
|
Сахара- Арабия облысы
|
Африканың Жерорта теңізі жағалауы, Араб түбегінің бөлігі, субтропиктік климаттық белдеудің бөлігі болып табылатын аудандар. Атластың таулы аймақтарын, шөлдердің бір бөлігін алады.
|
Шөл және шөлейт
|
Эндемиктік түрлер аз емес, ал түрлік эндемизм 25%-дан кем емес.Сабақты және жапырақты етті ірі суккуленттер- алоэ, сүттіген түрлері, құмды шөлде өсетін дәнді аристид тән.
|
голарктикалық
|
Иран- Тұран облысы
|
Оған Тұран ойпатының, Иранның таулы аймақтарының, Орталық Азияның аумақтары кіреді.
|
Шөл және шөлейт, биіктік белдеулік
|
Эндемизмінің өте жоғарылығымен сипатталады (25%): жүзгін, кермек , аконтолимон, жусан, қызғалдақ, жуа, сарыгүл т.б. түрден тұрады.
|
Мадреан (Сонор)
|
Мадреандық
|
Солтүстік Америка мен Мексика таулы қыратының оңтүстік-батыс бөлігі. Ежелгі Жерортатеңіздік патшалықшадан ерекшелігі-толық және өз алдына патшалықша ретінде қарастыруға болады.
|
Шөл және шөлейт, қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар, биіктік белдеу
|
Түр эндемизмі шамамен 40%-ды құрайды. Эндемиктік түрлер көп, олардың ішіндегі ерекше ірісі - карнегия кактустұқымдастың өкілі. Облыстағы танымал эндемик түрлері:Калифорния жағалауы маңындағы тауда өсетін мәңгі жасыл секвойя мен Сьерра-Невада тауларындағы алып секвойадендрон - мамонт ағашы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |