тұяқтылардан – горал және такин, маймылдан – макаканың 2 түрі аюлық және жапондық түрлері кездеседі.
Уссурий өлкесіне дейін жолбарыс таралған. Құстардың ішінен қырғауылдың көпетеген туысы мен түрі (корольдық алтын, алмасты, мүйізді, монол) , даур, және жапондық тырна, түрлі балықшы құстар, оңтүстікте – тотықұс, торғай тәрізділерден – ақкөз, тимелий бар.
Бауырымен жорғалаушылардан– қытайлық трионикс , ұзын құйрықты кесіртке, найзабас жылан немесе куфий, қытайлық аллигатор таралған.
Қосмекенділерден эндемиктер: құйрықты бақа тритон, алып жасырын желбезектердің 2 түрі (қытайлық, жапондық),
Неарктикалық патшалықшаға жалпы сипаттама (астында облыстарына бар):
Неарктика патшалықша Солтүстік Американы, Гренландияны, сондай-ақ Мексиканың таулы аймақтарын түгелдей дерлік қамтиды. Әртүрлі фауна, атап айтқанда омыртқалы жануарлар, оңтайлы өмір сүруге қолайлы оңтүстік аймақтарда шоғырланған. Солтүстіктегі бұл әртүрлілік біртіндеп болса да, солтүстік Палеарктикадағыдай, өте кедей солтүстік фаунамен шектелген,ал оңтүстігінде фаунасы неотропикалық фаунаға ұқсас.
Солтүстік Американың сүтқоректілері 3 эндемикалық тұқымдастармен және көптеген кең таралған туыстармен сипатты: кең таратылған американдық опоссум,жәндікқоректілер эндемигі жұлдызтұмсық өте көп ерекшеленеді. Бұғылардан карибу, марал және американдық бұғылар түрлері кең таралған.
Кеміргіштердің ішінен гоферлердің эндемикалық тұқымдасы мен аплодонттардың тұқымдасы ерекше ерекшеленеді. Көптеген қояндар, соның ішінде кәдімгі қоян, жабайы қояндарының бірнеше түрі бар, олардың арасында су және батпақ қояндары. Тиін тұқымдасынынан суырлар, эндемикалық дала иттерімен, жер бурундук тиіндерімен және эндемикалық антилопа сарышұнақ. Сондай-ақ ұшатын тиіндер эндемикалық туысы бар.
Бұл патшалықша екі облысқа бөлінеді-Канада және Сонор.
1) Сонор облысы үшін сүтқоректілерден - сұр түлкі, мүйізді киік, американдық лақылдақ, аплодонтия кеміргіші, көртышқан; құстардан - күркетауық, кракс, кондор, колибридің түрлері тиранна, танагра, жорғалаушылардан - игуанның бірнеше туысы, улы тісті кесіртке; қосмекенділерден –өгіз бақа тән (ұзындығы 20 см дейін).
Достарыңызбен бөлісу: |