Ксерофитті сирек ормандар мен бұталар.
Ксерофиттер немесе гиперксерофиттердің жапырақтары ұсақ, топырақ пен ауа құрғақтығы өскен сайын жапырақтарын тастау арқылы булану деңгейін азайтып бейімделеді. Бұл өсімдіктер ерекше тобын бөледі- кактустар мен суккуленттер, олар су баланс мәселесін жапырақтары мен сабақтарындағы паренхималарында ылғал жинақтау жолымен "шешеді". Олардың арасында шырындары сабақтарында (кактустар, сүттіген тұқымдасының өкілдері) және жапырақтарында (агава, алоэ) жиналып ерекшеленеді. Жеке топ-құрғақ және ыстық кезеңдерден ауысатын қысқартылған тіршілік циклі бар өсімдіктер-бұлар шөпті өсімдіктер-эфемерлер (терофиттер) және эфемероидтар (геофиттер). Эфемер тұқымдары және эфемероидтардың жер асты мүшелері (пиязшықтар, түйнектер, тамырлар) бірнеше жыл бойы сақталып қалады, сондықтан олар жауын-шашын азайған кезде тіршілігін оңай сақтап қалады.
Тропикалық сирек ормандар әртүрлі, олар көбінесе тікенді бұталар қауымдастығымен аралас. Олар тропиктің құрғақ кезеңінің ұзақтығы 8 - 9 ай болатын және жауын - шашынның мөлшері 350 - 800 мм-ден болатын аймақтарда кездеседі. Бұнда ағаш жамылғысының биіктігі 5-12м, түрлері аз, тікенекті болады- өтуге қиын ормандар. Негізінен тікенді ағаштар басым, көбінесе қатты жапырақты, мәңгі жасыл, сондай-ақ құрғақ кезеңде жапырақтары түсетін. Ағаштар бұтақтары қисық: кейде қалың қабығымен жабылған бұтақтары бөтелке тәрізді немесе бөшке тәрізді(суккуленттер); бұтақтары тегіс ағаштар әлдеқайда аз кездеседі. Бұталар ярусы жақсы дамыған, көбінесе тікенді немесе жапырақсыз шыбық тәрізді өсімдіктерден тұрады. Көптеген бұйралы өсімдіктер бар (ағашты немесе шөпті). Шөптесін өсімдіктер ярусы әлсіз дамыған. Тропикалық сирек ормандар мысалы: Гиссар-Алай(Орта Азия), «Серраду»(О.Америка), «Кулгарди»(Австралия), Канар аралы сирек ормандары.
Достарыңызбен бөлісу: |