Оттектің айналымы.
Оттек айналымы
Оттегі – қалыпты жағдайда түсі, дәмі, исі жоқ газ. Ол Жер бетіндегі ең көп тараған элементтердің бірі. Байланысқан күйде оттек Жердің су қабатының 6/7 массасын алады. Гидросферадағы оттектің массасы 85,82. Бос күйіндегі оттектің биохимиялық және физиологиялық процестердегі ролі ерекше. Тек қана кейбір микроорганизмдер – анаэробтардан басқа барлық жануарлар мен өсімдіктер өздерінің тіршілігіне қажетті энергияны әртүрлі қосылыстардың оттекпен биологиялық тотығу нәтижесінде қабылдайды.
Табиғаттағы бос оттек айналымы деп – оттектің өсімдіктердее фотосинтез нәтижесінде түзіліп, оның организмдердің тыныс алуына, тотығу реакцияларына, оның ішінде оттектің жану, т.с.с. химиялық реакцияларға жұмсалуын айтамыз. Жыл сайын Жер бетінде түрлі отынның жану процесіне 9 х 109 тонна оттек жұмсалады.
Оттек айналым кезеңдері
Атмосфералық оттегінің негізгі көзі – фотосинтез.
Соның бірі – Жер ядросының сұйық сыртқы мантиясы. Оттегі атмосфераға жанартау атқылауы арқылы су буы ретінде жетеді. Су буы стратосфераға көтеріліп, фотолизге ұшырайды, нәтижесінде күн сәулесінен жоғары энергия бөлінеді және бос оттегі пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |