Жергілікті қауымдастықты оқыту орталығы (ЖҚОО) жəне басқа да қосымша білім беру



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#7312
  1   2   3   4   5   6

Жергілікті қауымдастықты оқыту орталығы 

(ЖҚОО) жəне басқа да қосымша білім беру 

ұйымдарының жергілікті халықтың этномəдени 

білімін дамыту бойынша жұмыстары

Əдістемелік нұсқаулықтар

«Қазақстандағы Баршаға білім беру» Қауымдастығы

Мазмұны 

Əдістемелік нұсқаулықтар  

Материалдарды Алматыдағы ЮНЕСКО «Кейбір жерлерде этно-конфессионалдық келісімді 

қалыптастырудағы Қазақстан мен Қырғызстандағы ЖҚОО рөлін арттыру» жобасының 

шеңберінде «Қазақстандағы Баршаға білім беру» Қауымдастығының сарапшылары дайындаған

1

Алматы 2015



Кіріспе........................................................................................................................................................................2

1.  Əлеуметтік келісім мен этносаралық толеранттылықтың Қазақстандық моделі...........................................7 

2.  Этномəдени білімді қалыптастырудың əдістері мен нысандары...................................................................12 

2.1.  Мектепке дейінгі жастағы балаларға этномəдени түсініктерді ұғындырудың ерекшеліктері.................12

2.2.  Жасөспірімдерге этномəдени түсініктерді қалыптастырудың əдістері мен нысандары..........................16

2.3.  Тренинг жастардың бойында этномəдени түсініктерді қалыптастырудың бір тəсілі ретінде.................20

Қорытынды..............................................................................................................................................................23 

Қосымша: Практикалық материалдар...................................................................................................................24 



Жергілікті қауымдастықты оқыту орталығы (ЖҚОО) жəне 

басқа да қосымша білім беру ұйымдарының жергілікті халықтың 

этномəдени білімін дамыту бойынша жұмыстары

3

2

Кіріспе  

  Өткен  жылы  зорлық-зомбылықты,  экстремизмді  тоқтату  жəне  оның  алдын  алу 

тақырыбында  өткізілген  Орталық  жəне  Оңтүстік  Азияның  аймақтық  конференциясында 

Қазақстан  Республикасының  ҰҚК  басшысы  Нұртай  Абыкаев  Қазақстанда  бастырмалата 

жасақталған  экстремизм  идеологиясын  насихаттаудың  болуы  мүмкін  екендігін  айтты. 

«Біздің  мемлекетімізде    экстремизм  мен  терроризм  идеологиясын  насихаттау  Интернет 

арқылы  немесе  елімізге  əр  түрлі  миссионерлер  мен  экстремистік  кітаптардың  заңсыз 

келуінен  болуы  мүмкін.  Ел  азаматтарының  діни  сауаты  төмен  болуымен  байланысты  бұл 

идеялар  діни  сенімі  аз,  əсіресе  ислам  дініне  енді  ғана  келген  адамдарға  қатты  əсер  етеді. 

Кейбір  адамдар  өмірлік  қиыншылықтарға  тап  болып,  барлық  мəселелерден  құтылу  үшін 

джихад əрекетіне барады», - деді Н.Абыкаев өз сөзінде. Сондай-ақ, қазіргі таңда Сирия мен 

Ирактағы  қарулы  қақтығысқа  150-ден  астам  қазақстандық  қатысып  жүр.  Ресей  БАҚ 

хабарлауынша,  3  мыңнан  астам  Ресей  азаматы  экстремистік  банда  құрамына  енген.  Бұл 

адамдардың көпшілігі этномəдени толеранттылық деген түсінікті білместен, адамгершілік-

рухани құндылықтар бағытын шатастырып алып, өз сана-түсініктеріне сəйкес əділдік іздеп 

жүрген жандар болуы мүмкін екендігін де айтып өтті. 

  Бұл  жағдаят  жастар  мен  жасөспірімдерге  конфессия  аралық  келісім  мен  этносаралық 

білімдерді  түсіндірудің  қаншалықты  маңызы  зор  екендігін  көрсетеді.  Қазақстанның, 

Қырғызстанның ЖҚОО мақсатты топтарының 120 өкілінен алынған сауалнама бойынша да 

осы əрекеттің қажеттілігі мен өзектілігін байқауға болады. Əрбір жерде болып жатқан этно-

конфессионалдық  қарым-қатынастардың  нақты  жағдаяттарымен  таныстыру  мақсатында 

жүргізілген сауалнаманың қысқаша қорытындысына тоқтала кетейік. Респонденттердің көп 

бөлігі  этномəдени  əртүрлілікті  қолдайтындықтарын  жəне  оларға  адамдардың  түрлі 

көзқараста  болуы  ұнайтындығын  мойындады.  Осы  пікірге  сауалнамаға  қатысқандардың 

полиэтникалық ортада жайлы өмір сүру, таным көкжиегін кеңейту, халықтардың бір-біріне 

əсер  етуін  түсіну  мақсатында  əр  түрлі  ұлттардың  мəдениетімен  танысу  туралы  берген 

жауаптары  сəйкес  келеді.    «Өз  ұлтыңыздың  мəдениетіне  қалай  қарайсыз  жəне  оны 

қаншалықты терең білесіз?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың  46%, 47% жақсы 

жəне  кейбір  түсініктерді  білеміз  деп  жауап  берген.  Респонденттердің  көп  бөлігі  Осындай 

халықтың құрамында болғаныңыз сізге қандай сезім ұялатады?» деген сұраққа «мақтаныш 

сезімі  ұялайды»  жəне  «сенімділік  ұялатады»  деп  жауап  берген.  Дегенмен  сауалнамаға 

қатысқандардың 5% осындай халықтың құрамында болу олар үшін деңгейлерінің төмендеп 

кететіндігін,  өкініш  сезімдерін  білдіретіндіктерін  мойындады.  «Сіздің  аймағыңызда 

ұлтаралық қақтығыстар кездесе ме?» жəне «Өз халқыңыздың əсерінен сізде өзіңізге деген 

теріс  пікір  қалыптасқан  уақыттар  болды  ма?»  деген  сұрақтар  бойынша  бірінші  сұраққа 

«жиі»  деген  жауапты  респонденттердің  5%,  екінші  сұраққа  19%-дан  астамы  берді.  Яғни 

жалпы  алғанда,  этникалық  жағдаяттар  кездескен  кезде  сауалнамаға  қатысқандардың  20%-

дан  астамы  өз  ұлты  мен  халқының  мəдениетіне  сəйкес  өзіне  деген  теріс  пікірде  болған. 

Респонденттердің    70%-дан  астамы  екінші  сұраққа  «сирек»  жəне  «ешқашан»  деп  жауап 

бергені, əрине, қуантады. "Басқа ұлт өкілдеріне деген теріс пікір кімнің əсерінен болады?» 

деген  сұраққа  берілген  жауаптарды  да  саралап  көрейік:    көшедегі  адамдар  -  35%,    құқық 

қорғау органдары– 12,5%, шенеуніктер – 13,3%, жасөспірімдер – 27,5%. Респонденттердің 

көпшілігінің пікірі бойынша конфессияаралық жəне этносаралық келісіміге байланысты оң 

көзқарастарды БАҚ, білім беру, тəрбие беру салалары жəне отбасы қалыптастырады (70%-

дан астамы). 

    Этномəдени  білімді  насихаттау  жұмыстары  қосымша  білім  беру  жүйесінде  де,  жалпы 

білім  беру  жүйесінде  де  жүргізілуі  керек  екендігі  сөзсіз.  Бұрын  шығарған  əдістемелік 

нұсқаулықта  біз  осы  сала  бойынша  Жергілікті  қауымдастықтардың  оқыту  орталықтарын 

үлгіге ала отырып (ЖҚОО), балалар мен жастарды толеранттылыққа тəрбиелеудегі алатын 

орны  мен  мүмкіндіктері  туралы  тоқталғанбыз.  Ұсынылған  нұсқаулар  сол  нұсқаулықта 

,  


ашылған  тақырыптың  жалғасы,  бірақ  бұл  кітапшада  əрбір  жердегі  этно-конфессионалдық 

келісімді  қалыптастырудың  əдістемесі  мен  практикасы  мəселесіне  басым  көңіл  бөлінген.  

2015  жылы  əдістемелік  нұсқаулықты    Алматы  қаласы  бойынша  ЮНЕСКО-ның  «Кейбір 

жерлерде 

этно-конфессионалдық 

келісімді 

қалыптастырудағы 

Қазақстан 

мен 

Қырғызстандағы  ЖҚОО  рөлін  арттыру»  жобасы  бойынша  «Қазақстандағы  Баршаға  білім 



беру» Қауымдастығы дайындады.  Қазақстандық орталықтардан басқа, бұл жобаға Қырғыз 

Республикасының  ЖҚОО  өкілдері  мен  бейресми  білім  беру  ұйымдарының  өкілдері 

қатысады.  Осыған  байланысты  жинақ  мазмұнында  қазақстандық  жəне  қырғызстандық 

тəжірибе  бойынша  нұсқаулар  көрсетілген.  Осы  жинақты  құрастырудың  алдында 

«Мемлекеттік  этносаясат  негіздері  жəне  жер-жерлерде  этно-конфессионалдық  келісімді 

қалыптастыру  бойынша  халықпен  жұмыс  жүргізу  əдістері»  тақырыбында  Алматыдағы 

ЮНЕСКО-ның  қолдауымен  «Қазақстандағы  БББ»  Қауымдастығы  2015  жылы  15-16 

маусымда  Алматы  қаласында  оқыту  семинарын  өткізді.  Семинардың  қорытындысында 

кездесу материалдары бойынша ақпараттық-əдістемелік жинақ дайындау ұсынылды.  

    Жинақтың  басты  мақсаты  балалар  мен  жастардың  этно-конфессионалдық  білімдерін 

дамыту жəне ЖҚОО мен басқа да аналогиялық ұйымдардың əр түрлі нысанда: семинарлар, 

тренингтер,  əр  түрлі  іскерлік  ұйымдар,  кеңес  беру  жəне  ақпараттық  іс-шараларды 

ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын жобаның тақырыбы бойынша əдiстемелiк жəне 

практикалық  материалдарды,  отандық  жəне  шетелдік  тəжірибені,  ақпаратты  əр  түрлi 

көздерден сұрыптау жəне жиынтықтау болып табылады. 

    1. Балаларға толеранттық мəнез-құлықты тəрбиелеуге ата-аналарды дайындау. Ақпараттық- əдістемелік материалдар. - Алматы, 

2014. Жинақ Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның «Балаларға толеранттық мінез-құлықты тəрбиелеуге ата-аналарды үйрету 

бойынша Жергілікті қауымдастықтың оқыту орталықтарының фастилитаторларын дайындау» жобасы бойынша əзірленді. 



байланысты туатын қақтығыс. 

         

Ксенофобия  –  толерантылыққа  мүлде  қарама-қайшы  ұғым.  Этноəлеуметтану  ғылымында 

«ксенофобия  –  діні,  салт-дəстүрі,  ұлты  бөлек  жандардан  қорқу,  оларды  жек  көру»  деп 

түсіндіріледі  (басқа  этникалық  топтардан,  діни  ұйымдардан,  өмір  сүру  деңгейі  мен 

жыныстық ерекшеліктеріне қарай ерекшеленетін əлеуметтік топтардан қорқу).



Халық  –  үйреншікті  тілдік  қолданыста:  бір  аймақта  тұратын  адамдардың  үлкен  тобы; 

əлеуметтануда: 1) қазіргі тарихи кезеңде қоғамдық даму мəселелеріне қатысатын қоғамның 

мүшелері; 2) тарихи тұрақталған этникалық қауымдастықтардың типтері: тайпалар, ұлттар 

мен ұлыстар. 



Ұлыс – ерте класстағы қоғамға жататын ұлыстың түрі. Тарихи ұлыстар шаруашылық даму 

ерекшеліктеріне сəйкес біріккен тайпалардың жиынтығы. Бұл үдерістің ең үлкен факторы 

–  қалыптасып  келе  жатқан  ұлыстардың  бір  мемлекет  аумағына  бірігуі,  олардың  бір  дінді 

ұстануы. 



Ұлтшылдық – белгілі бір ұлтқа байланысты сенімдер мен белгілерді ұстану. Ұлтшылдық 

жақсы  мағынасында  патриотизммен  мағыналас.  Ал  жағымсыз  мəнде  ұлтшылдық  өз 

ұлтын  басқа  ұлттарды  төмендету  арқылы  мойындату.  Ұлтшылдықтың  ең  ұлғайған  түрі  – 

фашизм

Ұлт  -    қоғамды  ұйымдастырудың  анағұрлым  кең  тараған  бірлігі.  П.Сорокиннің  түсіндіруі 

бойынша,  ұлт  1)  бір  мемлекеттің  адамдары  болып  табылатын;  2)  бір  тілде  сөйлейтін, 

мəдени құндылықтары ортақ; 3) бір аймақта өмір сүретін, өздеріне тиесілі ата-бабаларынан 

мұраға  қалған  жерлері  бар  адамдар  тобы.  Осы  атаған  белгілердің  барлығы  біріккен  кезде 

ұлт қалыптасады. «Ұлт – мемлекет дəрежесіне жеткен халық» (И.А. Ильин). 

Саяси  режим  –  саяси  билікті  жүзеге  асырудың  түрі,  нысаны,  əдістері,  оның  салаларын 

ұйымдастыру  қағидалары.  Тоталитарлық  саяси  режим  орнаған  мемлекетте  қоғам  өмірінің 

барлық  саласы  биліктің  бақылауында  болып,  адам  бостандығы  мен  конституциялық 

құқықтары  жойылады,  оппозиция  мен  өзге  саяси  ой  өкілдері  саяси  қуғын-сүргінге 

ұшыратылады;  авторитарлық  -  біржақты  билеу,  басқарушылардың  бағынушыларға 

жүргізетін  үстемдігі.  Түрлері:  абсолютті  монархия,  диктатура,  теократиялық  жəне 

посттоталитарлық  тəртіптер.  Əртүрлі  саяси  мəселелерді  шешу  тəсілдері  (реформалар, 

қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге əкеліп соқтыруы 

мүмкін.  Тоталитарлы  тəртіптен  елеулі  түрде  ерекшеленеді:  оларда  шектеулер  едəуір 

дəрежеде  аз  жəне  жеке  адамның  еркіндіктері  мен  құқықтары  емес,  саяси  еркіндіктер  мен 

құқықтар  шектеледі;  тəртіп  саяси  партиялар  мен  идеологияға  сүйенбей,  əскер  күші  мен 

дəстүрлі  діндерді  арқа  тұтады;  қоғамға  жаңа  құндылықтар  жүйесін  құрып,  енгізуге 

талпынбайды;  азаматтық  қоғам  құруды  мақсат  етпейді;  демократиялық  “халық  билігі” 

деген  мағынаны  білдіреді.  Халықтың  заң  жүзінде  мемлекеттік  билікті  басқаруы.  Мұнда 

конституция  билік  халықтың  қолында  екендігіне  дəлел  болады.  Халық  жоғары  билікке  өз 

өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.



Экстремизм  (латын.  extremus  –  шеттеу)  –    яғни  орталықтан  ауытқу,  белгіленген  жерден 

тыс  кету  деген  мағына  береді,  жалпы  тəртіпті  мойындамайтын,  өзінің  пікірімен  ғана  іс-

əрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, 

көрсеқызарлыққа  бейімделген  көзқарасынан  пайда  болады.  Яғни,  тек  менің  ғана  пікірім 

болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы 

бір  көрінісі  басқа  біреуді  көре  алмау,  түсінбеу  немесе  түсінгісі  келмейтін  адамдардан 

шығады.  Лаңкесшілер  дұрыс  бағытқа  жол  көрсететін  адамдардың  кеңесіне  мүлдем  құлақ 

аспайды.  Олар  өздерін  ең  таза  кіршіксіз  деп  санап,  басқаның  барлығын  адасушыларға 

жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды.

5

4



  Ұсынылған  материалдарды  пайдалану  кезінде  іс-шараларды  ұйымдастырушылар  əр 

аймақтағы  этно-конфессионалдық  қарым-қатынастардың  ерекшеліктерін  ескерулері  керек 

жəне  осы  ерекшеліктер  негізінде  өткізілетін  кездесулердің  мақсатын,  өткізілу  түрін, 

технологиясын жоспарлайды. Жинақтың құрылымы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде 

қазақстандық  толеранттылықтың  моделі  сипатталады.  Көптеген  отандық  жəне  шетелдік 

сарапшылардың  пайымдауынша,  Қазақстанда  қоғамдық  келісімнің  ең  тиімді  моделі 

қалыптасқан.  Осы  пайымдаулар  бойынша  бірінші  бөлімде  ақпараттар  берілген.  Екінші 

бөлімде  балалардың,  жасөспірімдер  мен  жастардың  этно-конфессионалдық  білімдерін 

дамыту  жəне  қалыптастыруға  бағытталған  шараларды  ұйымдастырудың  əдіс-тəсілдерінің 

үлгілері берілген. Үшінші бөлім жоспарланған шараларда қолдануға болатын практикалық 

материалдардан  құралған  (сауалнама  мəтіндері,  дайын  сценарийлер,  тренингтердің, 

семинарлардың, жұмыс сессияларының бағдарламалары, т.б.) 

Нұсқаулықта кездесетін негізгі ұғымдар: 

Автономия - (грекше: autos - өзі, nomos - заң, тəуелсіздік) - мемлекет аумағында жинақы, 

топтасып  өмір  сүретін  əлеуметтік  қауымдастыққа  берілетін  ішкі  өзін-өзі  басқару 

мүмкіншілігі  немесе  мемлекеттік  билікті  өзінше  жүзеге  асыру.  Мемлекеттік  құрылым 

құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тəуелсіз саяси субъектілердің 

өзінше қызмет ету құқы.

Басқарушы  зиялы  қауым  –  қолдарына  саяси  жəне  экономикалық  билікті  алған 

адамдардан құралған топ. 



Геноцид - [грек, genos - тек, тайпа жəне лат.caedo - өлтіру] - халықаралық құқық бойынша 

аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нəсілдік немесе діни топтың өкілдерін 

түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді.

Диаспора  (гр.  διασπορά  -  шашыраңқы)  -  ұлттың  ата-жұрты  болып  табылатын  елден 

тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі. 



Əлеуметтік  қақтығыс    –  бір  мақсатқа  жету  жолындағы  қарсыласын  жойып,  өз  билігін 

күштеп  мойындату,  өзіне  бас  идіру  арқылы  мақсатқа  жету.  Қақтығыстың    бəсекеден 

айырмашылығы нақты бағытталғандығымен жəне күрестің қатты жүргізілуімен көрінеді. 

Қақтығыс жағдаяты:

- азаматтардың заңды қызығушылықтарына, қажеттіліктері мен құндылықтарына, ұлттық-

мəдени бірлестіктеріне, ұлттық-мəдени автономияларына қысым жасау

-  бұрмаланған жəне дұрыс емес ақпараттар; 

-  ұлттық  жəне  діни  негіздерді  насихаттайтын  қоғамдағы  немесе  жекелеген  əлеуметтік 

топтардағы  өзгерістерді  адекваттық  емес  тұрғыда  түсіну  арқылы  барлық  деңгейде 

қақтығыстардың қозғаушы күші болып табылатын əлеуметтік шиеленсітердің болуы.  

Ұлтаралық  қатынастар  аясындағы  қақтығыс  жағдаяты  –  азаматтардың  немесе 

олардың  қызығушылықтарын  қорғайтын  коммерциялық  емес  ұйымдардың  заңды 

қызығушылықтарына  қысым  жасау  арқылы  болатын  жасырын  жəне  əлеуметтік 

қайшылықтардың  болуы;    бұрмаланған  жəне  дұрыс  емес  ақпараттардың  болуы;  ұлттық 

жəне  діни  негіздерді  насихаттайтын  қоғамдағы  немесе  жекелеген  əлеуметтік  топтардағы 

өзгерістерді адекваттық емес тұрғыда түсіну жағдайлары.  



Ұлтаралық  қақтығыс    -  түрлі  ұлттардың,  этникалық  топтардың  арасында  тəуелсіздікке, 

саяси  билікке  ұмтылуға,  жер  дауына,  діни,  этникалық  кемсітушілікке,  т.б.  себептерге 



1. Əлеуметтік келісім жəне( этносаралық толеранттылықтың Қазақстандық моделі ²

Елбасы  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың  бастамасымен  жүзеге  асырылып  жатқан 

əлеуметтік 

келісім 


мен 

этносаралық 

толеранттылықтың 

қазақстандық 

моделі 

республиканың  мемлекеттік  брендіне  айналды.  Модель  Біріккен  ұлттар  ұйымында,  ЕҚƏҰ 



қатысушы  елдерге,  маңызды  халықаралық  форумдар  өткен  қалаларда  –  Копенгагенде, 

Венада, Женевада, Нью-Йоркте көрсетілді. Бұл модель Ресей, Қырғызстан, Түркия, Қытай 

жəне  тағы  да  басқа  мемлекеттердің  сарапшыларының  ғылыми  жəне  əлеуметтік 

қызығушылықтарын  ояттты.  Шетелдік  істер  министрлігінің  тапсырысымен  əр  түрлі 

тілдерге аударылды – ЕҚƏҰ елдері, ЮНЕСКО-ның қолдауымен бірқатар оқу орындарында 

толеранттылық  кафедралары  ашылды,  солардың  бірі  –  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 

ұлттық  университеті.  ть  их  даже  тогда,  когда  не  одобряешь  их  поступки,  готовность 

поддержать других; 



Толеранттылық  ұғымы.    Ағылшын  тіліндегі  Оксфорд  сөздігінде  толеранттылық  -  «еш 

қарсылықсыз  белгілі  бір  затты  немесе  нəрсені  қабылдауға  дайын  болу»,  француз  тілінде 

«басқа  біреудің  бостандығын,  оның  ойлау  ерекшелігін,  саяси  жəне  діни  көзқарастарын 

құрметтеу»  деп  түсіндіріледі.  Қытай  тілінде  толерантты  болу  –  «басқа  біреулерге  сый-

құрметпен қарау» деген мағынаны білдіреді, парсы тілінде «шыдау, көну, келісімге келуге 

дайын болу» мағынасын білдіреді. Орыс тіліндегі дереккөздерде «толеранттылық» термині 

(лат.  tolerantia  —  шыдам,  төзім)  басқа  адамдардың  өмір  сүру  нысанына,  жүріс-тұрысына, 

салт-дəстүрлеріне,  ой-пікірлері  мен  сезімдеріне,  наным-сенімдеріне  төзіммен  қарау  деген 

əлеуметтік  термин  ретінде  көрсетілген.  Толеранттылық  ұстанымдары  декларациясында 

(ЮНЕСКО,  1995  ж.)  толеранттылық    «…біздің  əлемнің  өте  бай  мəдени  көптектілігін, 

біздің өзіндік анықталу нысандарымыз бен даралығымызды көрсету тəсілдерін құрметтеу, 

қабылдау жəне түсіну. Оған ашықтық, білімділік, қарым-қатынас, ой, ар-ұят еркіндігі əсер 

етеді.  Толеранттылық  –  бұл  біреуге  орын  беру,  мойынсұну  емес»  деп  түсіндіріледі.  БҰҰ 

жарғысының басында толеранттылық «бір-бірімізге төзіммен қарап, тату көршілер сияқты 

өмір  сүрейік»  деген  түсінікпен  берілген.    Осы  жерде  толеранттылық  термині  тек  əрекет 

етуші  əлеуметтік  термин  ретінде  ғана  емес,  өз-өзіңмен  де,  көршілес  мемлекеттермен  де 

тату өмір сүруге бағыттайтын жоғары деңгейдегі қоғамды қалыптастырудың жолы ретінде 

ұғындырылады.  Жалпы  алғанда,  толеранттылықтың  негізі  -  өзінің  «басқаға,  бөтенге» 

қатынасын  бақылау  болып  табылады.  Бұл  күнделікті  кездесетін,  тұрмыстық  деңгейден 

бастап кəсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мəселе болып саналады. 

«Толеранттылық»  терминін  саралау  барысында  ғалымдар  арасында  елеулі  қайшылықтар 

туындайды.  Біраз  жағдайда  оны  тікелей  «төзімділік»  сөзімен  байланыстырады.  Қазақ 

тілінде  «төзім»  сөзі  «шыдам»,  «сабыр»,  «тағат»  мағынасында  да  қолданылады.  Яғни, 

«төзімді болу» - басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдауды білдіреді.

7

6

Этноконфессионалдық  білім  –  əр  түрлі  ұлт  өкілдерінің  діни  көзқарастары,  жүріс-тұрыс 



əдебі,  əр  түрлі  діндегі  жəне  сенімдегі  адамдармен  қатынас  жасай  білу,  конфессионалдық 

жəне діни ерекшеліктеріне сəйкес түрлі ұлт өкілдерімен жеке-ресми қарым қатынаста болу 

(Тарихи жəне əлеуметтік-білімгерлік ойлар. 2012. № 4 (14) 97 ISSN 2075-9908).

Этномəдени  құзіреттілік    -  түрлі  этникалық  қауымдастықтардың  өкілдерімен  байланыс 

жасау  үшін  адамның  көрсететін  білім-біліктері,  келісім  мен  сенім  ахуалын  қалыптастыру 

мақсатында олармен адекватты бірлестікте болу. 

Этникалық  қауымдастық  –  тілі,  мəдениеті,  жер  аумағы,  шығу  тегі  негізінде  тарихи 

тұрақталған адамдардың қауымы. 



Ұлыс  –  мекен,  аймақ,  əкімшілік  мағынасын  беретін  көне  түркі  сөзі.  Бұл  басқа  топтардың 

мүшелерінен  ажыратуға  болатын  ортақ  мəдениетке  негізделеді.  Ұлыстардың  сыртқы 

сипаты олардың ұлт атауларымен бірдей (қазақтар, орыстар, өзбектер, т.б.). 

Этноцентризм  –  адамның  қоршаған  ортаның  нақтылығының  құбылысын  эталон  қасиеті 

ретінде  қарастырылатын  өзінің  этникалық  қоғамдастықтың  позициясымен  бағалау  мен 

қабылдауға бейімделуі. Бір топ орталық, ал қалғандары осы топқа негізделіп бағаланатын 

жағдайдағы қоғамға деген көзқарас.



Дереккөздер: 

Негізгі саяси ұғымдар мен терминдер сөздігі, 2015. 

Психология мен педагогикадан энциклопедиялық сөздік, 2013. 

Этнопсихологиялық сөздік. — М.: МПСИ. 2004.

    2. Бөлімнің негізгі мазмұны осы жобаның сарапшысы, Д.Серікбаев атындағы ШҚГТУ  ҚГП кафедрасының доценті, п.ғ.к., 

С.А.Линоктың дайындаған презентациясы негізінде жасалды. 



9

8

басқару академиясы, 2011. —  186 б.)



Қазақстан  Республикасында  ұлтаралық  толеранттылық  моделін  жүзеге  асыру 

шарттары: 

•  жаһандану 

•  мемлекеттің саяси жəне əлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістер 

•  көші-қон үдерісі 

•  халықтың этникалық құрамының өзгеруі 

•  қала жəне ауыл тұрғындары санының өзгеру динамикасындағы өзгерістер 

•  сəйкестік мəселесінің өзектіленуі 

Посткеңестік кеңістіктегі ұлттық сəйкестік негіздері:

•  ұлттық  жəне  этникалық  ерекшелік  теңесетін  этникалық  парадигма.  Осы  жерден 

қазақстандық  қоғамның  ұлттық  ерекшелігінің  негізі  дəстүрлі  қазақ  мəдениетінде 

жатқандығын байқауға болады

•  біртұтас  ұлттың  қалыптасуына  азаматтық  ерекшеліктер  əсер  ететін  либералдық-

демократиялық тұжырым;

•  этнолингвистикалық жəне азаматтық құрылымдар бір-бірін толықтырып тұратын аралас 

модель. 


Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісім үлгісінің негізгі ұстанымдары (ҚР 

Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIV сессиясында сөйлеген 

сөзінен) 

•  Этникалық, конфессионалдық, мəдени, тілдік жан-жақтылық.

•  Қазақстан ұлттарының тілдері мен мəдениетін дамытуға барлық қажетті жағдай жасау.

•  Толеранттылық жəне жауаптылық.

•  Қазақ ұлтының шоғырландырушы рөлі.

•  Қазақстан халқының бірлігі. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет