Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы



бет15/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ðà?òàðû ?ûëûì – òàíûì ïðîöåñ³í³? åðåêøå ôîðìàñû

29.Ғылыми әдебиетпен жұмыс.
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
1.Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.
Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.
3. тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.
2. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:
1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.
2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.
3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.
Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:
Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен-жайы, (интернеттегі сілтеме).
Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «тәрбие әдістері...»

30.Әдеби көздердің библиографиялық деректері.

  • Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:

автордың тегі, аты- жөні,
мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),
журнал және кітап атауы
шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),
шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.

  • әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;

  • қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет