Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы



бет13/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
24.Ғылыми әдебиетпен жұмыс.
Әдебиетпен жұмыс - өзіндік оқу еңбегінің негізгі түрлерінің бірі. Бұл жұмыстың әдістемесін игеру біз үшін ең маңызды құрал болып табылады.
Ғылыми эдебиетпен жұмыс жасау - қандай да бір ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөлігі, дайындық кезеңінің негізі. Ғылыми эдебиетті оқу зерттелуші пән туралы бастапқы ақпарат алуға, оның басқаларымен байланысын анықтауға, зерттелетін мәселенің кемшіліктерін анықтауға жәрдемдеседі. Әдебиетті терең менгеру зерттелетін пән туралы белгілі немесе белгісіз жайттарды айқындауда, осыған дейінгі жасалған концепцияларды, жинақталған педогогикалық тәжірибелерді тіркеуде, зерттелу нысанын нақты белгілеуде бағыт береді.
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау әдістеріне:

  • ақпаратты іздестіру тәсілі;

  • алынған ақпаратты өңдеу тәсілі;

  • ғылыми ақпараттарды жүйелеу және сақтау жатады.

Білімнің белгілі бір салаларына тэуелсіз, ғылыми эдебиеттің негізгі мазмұны - ғылым және ғалымдар ашқан жаңалықтар, заңдар және ойлар болып табылады. Зерттеу жұмысының нәтижесі жазбаша түрде басылып, көпшіліктің назарына ұсынылмаса, ғылыми жұмыс толық аяқталмаған болып есептеледі.
Библиографиялық ізденістің ең дұрысы энциклопедиялармен арнайы сөздіктерге жүгіну. Энциклопедия мақалалары белгілі бір мәселе бойынша қысқаша ақпарат мазмұнын емес, сонымен қатар сол тақырып бойынша жарияланған мақалалар тізімін береді.

25.Зерттеу тақырыбының көкейтестілігінің маңызы қандай?
Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.

Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.



Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет