38.Рецензия дегеніміз не? Рецензия - публицистиканың жанры, сонымен қатар ғылыми және көркем сын. Рецензия басқа адамның жасаған жұмысын бағалауға құқық береді. Рецензия жаңа жұмыс туралы хабарлайды, оның қысқаша талдауы мен бағасын қамтиды. Латын тілінен аударғанда «recensio» «бір нәрсе туралы қарау, хабарлама, рейтинг, шолу» дегенді білдіреді. Рецензия - бұл көркем, ғылыми және публицистикалық шығарма туралы шолуға негізделген жанр (ең алдымен сыни).
Рецензияның ерекше түрі - ғылыми шолу немесе ғылыми еңбекке шолу. Шолу тақырыбы - ақпараттық құбылыстар: кітаптар, брошюралар, қойылымдар, фильмдер, телешоулар, ойында
39.Оқу мәтіндерінің пунктуациясы және емлесі. Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Пунктуация – латынның «пунктум» деген сөзінен алынған. Пунктумның мағынасы – нүкте. Қазіргі уақытта пунктуация тіл білімінің тыныс белгілері туралы, оларды қолдану ережелері ілім деген мағынаны білдіреді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл – екі бөлек категория. Пунктуация, емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы.Пунктуация жазылған мәтіннің мазмұнын, негізгі ойды дұрыс түсінуге, оны мәнерлеп оқуға мүмкіндік жасайды.
Үтір – тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бір бай белгі Бұл жай сөйлемдерді бір-бірімен бөлу үшін де, сөйлемдегі сөздерді немесе сөз тіркестерін бір-бірінен бөлі үшін де қолданылады.
Нүктелі үтір – хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі.
Қос нүкте мынадай орындарда қолданылады:
а) Соңғы жай сөйлемі алдыңғы жай сөйлемдегі пікірді талдап, саралап ашып түсіндіретін құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері арасына қойылады.
Көп нүкте. Көп нүкте пікірдің аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің түсіп қалғандығын білдіреді.
Сызықша. Үтір сияқты, сызықша да мағынаға, функцияға орасан бай тыныс белгісі.
Тырнақша. Тырнақшаның қойылуы кідіріске, интонацияға немесе сөйлеудің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Сондықтан ол шын мәнісіндегі тыныстық белгі де емес. Тырнақшаның мағынасы да, функциясы да алуан түрлі, ол бір жағдайда тырнақшаға қоршалған сөздің я сөйлемнің бөгде біреудікі екенін білдірсе, екінші бір жағдайда тырнақшаның ішіндегі сөздің, сөздер тіркесінің өзінің тура мағынасында қолданылмай тұрғандығын, болмаса бірдеңелердің шартты аталуы екендігін білдіреді.
Жақша. Жақшаға алынатындар, негізінде, сөйлеммен тікелей байланысы жоқ, оның мүшелерімен грамматикалық қатынаста тұрмайтын, жазушының айтқанын айқындай түсу үшін қолданатын кейбір ескертпе сөздері мен сөйлемдер.