Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы


Зерттеу пәнін қалай анықтаймыз?



бет21/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ðà?òàðû ?ûëûì – òàíûì ïðîöåñ³í³? åðåêøå ôîðìàñû

40.Зерттеу пәнін қалай анықтаймыз?
Зерттеу пәні- нысан бөлшегі , бір тарапты , яғни бұл түбегейлі зерттеуді кажет еткен нысанның теориялык не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа - қасиеттері , қырлары мен сырлары . Зерттеу пәні- бұл нысанды зерттеудің белгілі бір аспектісі . Нақ осы пәннің зерттеу тақырыбын анықтайтынын атап өту керек . Зерттеу нысаны мен пәні тұтас және бөлек , жалпы және дара болып , бір бiрiне байланысты болады . Байланыстың бұндай анықтамасына сәйкес , пән- нысанның шегiнде болады . Зерттеу пәні - нысанның жеке аспектісі , нысан қарастырылатын көзқарас . Сұрақ түрінде оны былай тұжырымдауға болады : нысан қалай қарастырылады , аталмыш зерттеу нысанының қандай болмысын , қасиетін және қызметін ашады ?. Пән нысанның шеңберінде болады . Шәкірттің бар назары дәл осы зерттеу пәніне бағытталған , зерттеу пәні шәкірттің соңғы жұмысының тақырыбын аныктайды

41.Реферат жазу әдістемесі.
1. Реферат (лат.referre- баяндау, хабарлау) – бұқаралық баяндама, қандай да бір мәселенің негізін мазмұндау.
Реферат — бұл бір немесе бірнеше көздердің негізінде берілген тақырып бойынша студенттің орындайтын жазбаша жұмысы. Бұл шығармашылық сипатта болатын өз бетімен жұмыстың бір түрі.
2. Рефератты жазудағы ең басты мақсаты: зерттеу тақырыбы бойынша мәселенің негізгі мазмұнын ашу, жұмысты орындау барысында кейбір мәселелерді мәтін ішінде әртүрлі туындыгерлердің жазған көзқарастарын ашып көрсету және берілген мәселеген қатысты өзінің көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Жұмыста өзінің тікелей көзқарасын көрсету міндетті емес, өйткені зерттеу мәселесі тек бір ғана көздің ұстанымын қанағаттандырады. Бірақ бұл жағдайда тек атақты, белгілі ғалымның айтылымына ғана қатысты өзіңіздің негіздемеңізді дәлелдеуіңіз қажет.

3. Жұмысты дұрыс орындау үшін, келесі шарттар іске асырылуы тиіс:


• Мәселені қалыптастыру. Қалыптастыру ең бірінші жұмыстың мақсатын анықтаумен басталады. Рефератта сіз не туралы айтқыңыз келеді, соны ғана ұсынасыз. Сол үшін ұсынылған мақалада және монографияда, оқулықтың тиісті бөлімін оқуыңыз қажет. Бұл сізге ерекше қызықты да, тиімді болып табылатын мәселенің аспекттерін таңдауға көмектеседі.
• Тапсырманы орындау үшін ең алдымен жұмыс жоспарын құрып алу керек. Егер тақырыппен жоспар бірге берілсе, бұл жұмысты орындаудың міндетті жоспары емес. Жоспарды мәселеге қатысты тікелей өзіңіз де құруыңызға болады. Жұмысты құрылған жоспар бойынша орындау барысында, міндетті түрде жұмыстың мақсаты іске асырылуы қажет.
• Рефератты орындау үшін ұсынылған әдебиеттер тізімін оқып білу керек. Содан кейін, өзіңіздің ойыңызша олардың ішінен тапсырманы орындауға қажетті деген кітаптарды таңдап аласыз.
• Әдебиеттер тізімімен танысқаннан кейін, сізге рефератты жазуға көмектесетін кітаптар тізімінің көшірмесін жазап аласыз.
4. Рефарат тақырыбын таңдау.
5. Тапсырманың тақырыбы сынақ кітапшасының ақырғы екі санына сәйкес таңдап алынады. Мысалы, сынақ кітапшасының нөмір: ГР. 324567. Бұл, сіздің тақырыбыңыздың нөмірі сынақ кітапшасының ақырғы екі санының қосындысына сәйкес екендігін білдіреді, яғни 13.
6. Рефератқа қойылатын талаптар:
• Жұмыс көлемі – ең аз бет А4 стандартты форматтағы 10-12 беттік баспа мәтіні, барынша көп 15-20 бет.
• Беттерде тікпе мен ескертуге арналған жолағы болуы тиіс.
Сол жағы — 2,5 см., жоғарғы және оң жағы — 1,5 см., ал төменгісі — 2 см.
• Шрифт — 14
• Жұмыс беттері нөмірленуі тиіс.
• Рефератың құрылымы:
a) алғашқы бет
b) жұмыс жоспары
c) мәтін
d) әдебиеттер тізімі
e) қосымша (фотосуреттер, схемалар, диаграммалар және т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет