Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы


Орфография және пунктуация ережелері



бет27/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ðà?òàðû ?ûëûì – òàíûì ïðîöåñ³í³? åðåêøå ôîðìàñû

52.Орфография және пунктуация ережелері.
Орфография және пунктуация ережелері - сауаттылық негізі.
Орфография (грек. орфо – дұрыс, графо – жазу) дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы.
1) Жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.
2) Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.
Орфография тілдің белгілі-бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге де болады.
2001 жылдан бері бірнеше дүркін орфографиялық сөздіктер (2001, 2005, 2007 ж) жарық көрді.
Орфография мен пунктуация – сауаттылықты және зеректілікті талап ететін тіл білімінің салалары. Сауаттылық – мәдениеттіліктің белгісі. Сондықтан емле ережелерін сақтап жазуға баса көңіл бөлген жөн. Орфография заңдылықтарына негізделіп құрастырылған сөздіктер де жыл сайын дамып, толықтырылып, өзгеріске түсіп отырады. Ол – заңды да тарихи құбылыс. Осыған орай түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды қамтитын еңбектер де жарияланатыны белгілі. Олар заман талабы мен сұранысынан, қажеттілігінен туындайды. Адамның көңіл күйі мен сезімін, айтайын деген ойын әсерлі де түсінікті жеткізуге көмектесетін, синтаксистік байланыстарды дәл ажыратып тұратын таңбалар – тыныс белгілері. Тыныс белгілері қате қойылған мәтіннің, сөйлемнің мағынасы күңгірттеніп не тіпті өзгеріп кетеді. Сондықтан оны дұрыс қоюдың мәні зор.
Тіліміздегі сөздер фонетикалық, морфологиялық-фонематикалық және тарихи-дәстүрлік принциптер бойынша жазылады. Фонетикалық принцип – сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырауы негізге алынып, айтылуы (естілуі) бойынша жазылуы; морфологиялық-фонематикалық принцип – сөздердің айтылуында көршілес дыбыстардың дыбыстық өзгерістерге түсуі ескерілмей, түбір тұлғасы (негізгі фонемалық түрі) сақталып жазылуы; тарихидәстүрлік принцип – сөздердің тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылуы.
Дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білу – әрбір мәдениетті адамның алдына қойылатын басты шарттардың бірі. Бұл ұлттық тіліміздің орфографиясы мен орфоэпиясын, грамматика мен әдеби түрін жете білуді қажет етеді. Тіл мәдениетінің мәртебесін айқындайтын көрсеткіштің бірі – жазудағы бірізділік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет