Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы


Автордың келтірілген материалға қатынасы



бет29/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ðà?òàðû ?ûëûì – òàíûì ïðîöåñ³í³? åðåêøå ôîðìàñû

55.Автордың келтірілген материалға қатынасы.
Автордың бейнесі — әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. Автордың идеялық нысанасы, көзқарасы, ұғым-түсініктері, наным-сенімдері, көркемдік принциптері, суреткерлік шеберлігі бәрі-бәрі кең, толық мағынасында, әрине, шығарманың өн-бойынан, бүкіл құрылыс-бітімінен, идеялық-көркемдік сипатынан танылады. Бұл-оның шығармашылық тұлғасы, жазушылық, суреткерлік сипат-өзгешілігі, ал оның өнер иесі ғана емес, өз тағдыры, өз мінез-құлқы бар жеке адам ретіндегі бейнесін алсақ, ол жекелеген жанрда (мысалы, өмірбаяндық, мемуарлық) болмаса, айқын көрініс таппайды.
Әр жанрдағы шығармаларда автордың бейнесі әр түрлі дәрежеде, әр қырынан аңғарылады. Эпикалық шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады. Яғни, оның бейнесін оқырмандар оқиғаны айту мәнері, кейіпкерлерді мүсіндеу өзгешелігі, суреткерлік мұраты, белгілі бір этикалық мәселелерге көзқарасы, эстетикалық нысанасы арқылы ғана елестете алады. Алайда, оның бейнесі тікелей көрінбейді. Ал драмалық шығармада автор оқиғаның даму барысынан мүлде сырт тұрады. Поэзиялық шығармаларда, автор, негізінен, лирикалық тұлға ретінде танылады. Лирикада ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы, яғни, жеке авторлық тәжірибесі басқа жанрларға қарағанда айқын, нық бедерленеді, өмір шындығын оқырман лирикалық тұлға поэзиясындағы автордың көзімен қарап, танып біледі. Бірақ ақынның қандай күйде болып, әр құбылысты қалай сезініп отырғанын да оқырман өзінше бағалайды. Лирикалық шығармада авторлық, субъективтік көзқарас, ой-сезім мен ол бейнелеп отырған объективті шындық жігі білінбей жалғасып жатады. Лирик ақын өзі туралы айта отырып, өмірлік жайларды толғайды. Қоғам, әлеумет жайын толғанып отырып, өз көңіл-күйін паш етеді. Дегенмен лирикалық кейіпкерді автордың нақ өзі деп ойлау-жансақ түсінік. Лирикалық кейіпкер автордың өлеңмен жазылған тікелей өз көшірмесі емес, жинақтала келіп, белгілі бір нақтылық сипатты иеленген көркем бейне болып шығады.
Әрине, автордың үні қандай шығармада болса, сезіліп отырады. Шығармадағы шындық көркем логикаға сәйкес бейнеленеді десек, сол логиканың өзі автордың ұғым-түсінігіне сай келетіні және талассыз. Автордың ой-сезім дүниесінен екшелеп өтіп, талғамның таразысына тартылып барып, өмір шындығы нағыз көркем шындыққа айналады. Бірақ автордың шығармадағы оқиғаларға көзқарасы, кейіпкерлерге қатынасы, нені қалай, қай тұрғыдан келіп бағалайтыны өзінен-өзі ап-айқын болып көрініп тұрмайды. Бүкіл шығарманың мазмұнына терең бойлау арқылы, байыптап түсінуді қажет етеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет