нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.
31.Ғылыми мәтін. Мәтін – жүйеленген, тұтасқан, тиянақталған және мағыналық жақтан өзара байланысқан сөйлемдердің тізбегі. Ауызша немесе жазбаша сөйлеу туындылары».
Мәтін – хатта немесе баспа сөзде жарық көрген құжат немесе автордың шығармасы. Мәтінмен немесе кітаппен танысуды бірнеше кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең – мәтінге көз жүгірту, мәтінді қарап шығу:
Екінші кезең – мәтін бойынша студенттің өзіне сұрақ қойғызу:
Маған қаншалықты қызық?
Бұл мәселе жөнінде не білемін?
Мазмұнында қандай идеялар жатыр?
Қандай жаңа нәрсе білуі мүмкін?
Үшінші кезең – мәтінмен тереңірек танысу, оқып шығу.
Төртінші кезең – ең бастысы және қосымшасы бөліп алу.
Бесінші кезең – мәтін мазмұнының деңгейін, логикалық құрылым дәрежесін бағалау болып табылады.
Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады.