64.Инновация. АКТ технологияларды зертеуде қолдану. Инновация – педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.
Инновация дегеніміз белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жаңашыл жаңалықтарды кешенді құру процесі, таралуы және қолданыс табуы. Инновациялық процесті жаңашылдарды өткізу процесінде болатын ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ал жаңашылдарды құру, тарату және пайдалануды инновациялық цикл деп атайды.
Инновациялық қызметті сәтті басқару үшін инновацияны жете зерттеу қажет.
Білім берудегі инновациялық процестер: мұғалімдердің біліктілігін арттыру, педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау.
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Инновациялық мектептердің мақсаты – жеке тұлғаны жан – жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі: - білім мазмұнындағы инновация;
- оқу – тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
- оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
- мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
жеке, бір – бірімен байланысы жоқ;
модульдық (бір – бірімен байланысты): бір – біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. Модификациялық инновация – педагогикадағы әдіс – тәсілдерді жетілдіру. Мысалы. А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.
Комбинаторлық инновация – белгілі әдістердің элементтерін бір – біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда.
Түбірлі – мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі.
Инновациялық процестің кезеңдері:
инновацияның себептері;
жаңалықты жобалау;
жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс - әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата – аналарды қызықтыра білген жөн.
АКТ дегеніміз- ақпаратты құру, беру және тарату және қызмет көрсету үшін қолданылатын сандық технологиялардың кең спектрі: компьютерлік жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету, телефон желілері, ұялы байланыс, электрондық пошта, ұялы және спутниктік технологиялар, сымсыз және кабельдік желілер, мультимедиялық құралдар және Интернет.
Ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық –зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту; оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру; қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан ақпараттық коммуникациялық технологиялық дидатикалық - әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай.