Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы


Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар



бет36/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ðà?òàðû ?ûëûì – òàíûì ïðîöåñ³í³? åðåêøå ôîðìàñû

65.Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.
1.Қоғам сұранысына сәйкестігі
2. Тұрақты, жақсы нәтиже
3. Күш, құралдардың орнымен жұмсалуы
4. Жаңалығы
Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
өз беттерімен білім ала білуі;
білімдерін шығармашылық пен тәжірибеде қолдануы;
оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс - әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс - әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез – құлқынан, жүріс – тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі – оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қоысмша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

66.Есептер мақалалар мен тезистер.
Есеп – бірдеңенің болуын анықтау, оның заттай және ақшалай тұлғада өлшенуі, сандық және сапалық жағынан тіркелуі; басқарылатын нысанның жай-күйі, оның айналысы, басқарушылық өкімдерінің орындалуы және қорытындылаушы мәліметтер туралы деректердің жиынтығы болып табылатын қажетті ақпаратты жинау мен тіркеу жүйесі. Есеп шаруашылық қызмет пен қоғамдық өмірдің түрлі аялары туралы тұрақты ақпаратты қамтамасыз етеді. Қоғамның (мемлекеттің, ұйымның) өндіргіш күштерінің дамуына байланысты есептік ақпараттың көлемі мен оның басқару ісіндегі рөлі арта түседі. Есеп бухгалтерлік, статистикалық және оралымды түрлерді біріктіретін бірыңғай жүйе болып табылады.
Мақала –публицистикалық стильде белгілі бір деректерге сүйене отырып, белгілі бір тақырыпты қамтитын шығармашылық жұмыс.
Мақала (орыс. Статья, ағылш. article; entry, clause). Интернет желісінде — жаңалықтар тобының (newsgroup) хабарламасы. Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
Мақала 4 түрге бөлінеді:
1.Бас мақала- заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;
2.Проблемалық мақала - шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;
3.Насихаттық мақала- ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;
4.Публицистикалық мақала- қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі. Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет