Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы


Сұхбатқа қойылатын талаптар?



бет34/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
62.Сұхбатқа қойылатын талаптар?
Сұхбат

1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.

3)Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл күй мен ішкі толғаныс, яғни эмоционалдық фон болуы тиіс. Сондықтан да көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистін қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде қойылған сұрақ емес, одан қайтарылтан жауап маңызды рөл атқарады.


63.Озат педагогикалық тәжірибе деп нені айтамыз?
Ю.К.Бабанский, В.И.Вовдарь, Я.С.Турбовскойдің озық тәжірибе және оған жету жолдарын ңалымдар өз еңбектерінде, зерттеулерінде маңызды элемент ретінде алып қарастырады. «Озы-тәжірибе – оқу-тәрбие процесін жетілдіру мен жетістікке жету жолындағы мақсат көздеген іс-тәжірибе. Озық тәжірибе қазіргі уақытта өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқытып тәрбиелеудегі көкейкесті, өзекті мәселелерді қанағаттандыра алады». Ю.К.Бабанский озық тәжірибені қызметтік деңгейіне қарай жіктей келе «жалпы тәжірбие», «озық тәжірибе», «жаңалықты тәжірибе», «зерттеушілік тәжірибе» деп бөліп қарастырады.
Ш.Таубаева озық тәжірибені педагогикалық тәжірибе, озық педагогикалық тәжірибе деп қарастыра келе, төмендегідей анықтама берді: озық тәжәрибе – педагогикалық оқу орындарының оқу – тәрбие процессіндегі жоғары сапаға ие болған нақты ісі. Студенттер озық тәжірибені оқып үйрену үшін мына жағдайларды ескеру керек:
1. Тәжірибе авторы шешкен нақты педагогикалық міндет.
2. Оқу мен тәрбиенің нәтижелері, тиімділігі.
3. Педагогикалық тәжірибедегі автордың нақты әрекеттері.
4. Жаңалық.
5. Тәжірибенің негізгі идеясы.
6. Шығармашылық іске асыру шарттары.
7. Тәжірибе автордың даралық сапасына мекеме және өлке жағдайларына байланысты.
8. Тәжірибені игеріп, меңгерудің жолдары мен құралдары.
Алдыңғы қатарлы тәжірибенің негізгі критерилері:
- жаңалығы: жаңа қағиданы ғылымға енгізу мен бұрын белгілі қағиданы практикада тиімді қолдану және педагогикалық әрекетті белгілі жақтарын рационализациялау;
- нәтижелілігі және тиімділігі (эффективность): тәрбиеленушіліерді оқыту, тәрбиелеу және дамуында жоғары деңгей көрсету;
- психология, педагогика әдістемелердің талаптарына сәйкестігі; жоғары нәтиже оқыту, тәрбиелеу және ынталандыруға қолдануға болмайтын әдістерден алынуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның педагогикалық құндылығы болмайды;
- жүйелі және қайталанушы бұл тәжірибені қолданғанда ұзақ уақыттың ішінде нәтижесі шығуы мүмкін;
- тәжірибенің қайталануы; басқа педагогтардың осы тәжірибені қайталағанда нәтижені бірдей болуы;
- тұтастай педагогикалық процесте ең тиімді тәжірибе: ең аз күш. Уақыт кетіру арқылы жоғары нәтиже шығару. Алдыңғы қатарлы тәжірибе шебер – педагог, педагогикалық практикум, семинар, тренинг, ғылыми және әдістемелік қарым – қатынастың формалары баяндама, брошюра, мақала, бюллетень, әдістемелік нұсқау арқылы таралады.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс – тәжірибелерін зерттеу және жинақтау, жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу, педагогикалық ғылыми – зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс – тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқалады. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамыту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып, сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік – тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет