Емтихан сұрақтары Философия пәнінің бағыттары мен әдістері Емтихан сұрақтары



бет15/44
Дата25.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#126236
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
21. Ғылыми таным әдістері
Әдіс(метод) – бұл практикалық және теориялық әрекет принциптерінің жүйесі болып табылады. Өзінің зерттеу пәні бар білімнің әрбір саласы өзінің объектісінің мәнін түсінуден шығатын ерекше әдістерді қолданады. Кең түрде алғанда, гректің «methodos» деген сөзі «жол» деген мағына береді. Әр нәрсені жасағанда, адам оны белгілі бір үлгілер, тәсілдерге сүйене отырып істейді.Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты – шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу.
Ғылыми танымның әдістері өте көп әрі сан салалы, дегенмен, оларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1)жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2) жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында пайдалаеылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді. 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. Мысалы, математикалық индукция әдісі – математикада, қоспалардың ыстыққа төзімділігін анықтау әдісі – металлургияда қолданылады.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерін ажырату қажет. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. Эмпириялық деңгейде кең қолданылатын әдістер: бақылау(зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау); эксперимент(,ылыми тәжірибе, зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процесстерге араласуы);
Енді теориялық деңгейде анализ және синтез әдістері үлкен рөл атқарады. Зерттелуге тиіс объектіні ойша түрлі құрамдас бөліктер мен жақтарға бөліп қарастыруды, сөйтіп оның қасиеттерін анықтауды анализ дейді. Объекттің әр құрамдас бөлігін жіктеп қарап, зерттегеннен кейін бастапқы тұтастыққа көшу синтез деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет