Емтихан сұрақтары Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі


Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар



бет11/13
Дата17.10.2022
өлшемі55,97 Kb.
#43610
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Білім беру 1-12

23. Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар

  • Мұғалім мен оқушылардың сабаққа дайындығы (сырт қарағанда);



  • Оқушылардың сабаққа ішкі, психологиялық дайындығы;



  • Мұғалімнің ұйымдастырушылық әрекеті (қажет болған жағдайда);





  • Проблемалық оқытудың қандай тәсілдері қолданылды (ізденушілік, зерттеушілік, проблемалық баяндау);



  • Оқушыларға білім беруде проблемалық әдістерді қолдану;



  • Сабақтағы оқушы мен мұғалім әрекеттерінің қатынасы (байланысы);



  • Оқушының өзіндік жұмысының көлемі мен түрлері, продуктивті (өнімді), репродуктивті (өнімсіз) өздік жұмытарының қатынасы;





  • Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеті;





  • Мұғалімнің проблемалық жағдай туғызу әдістерін білуі;



  • Оқу проблемасын қою ережелерін сақтауы;





  • Таңдалып алынға көрнекі құралдардың проблемалық оқыту талаптарына сайлығы;



  • Оқушылардың арнайы, жалпы білімділік біліктіліктерін қалыптастыру;



  • Оқушыларда танымдық біліктіліктердің болуы: проблеманы қоя білу, болжамды құрып, негіздей алу, болжамды дәлелдеу(жоққа шығару) жолдарын табу, шешімнің дұрыстығын тексеру;



  • Оқушылардың логикалық әрекеттерді орындай алуы;



  • Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту (оған дәлел);





  • Оқушылардың үй тапсырмасын орындауында проблемалық-дамытушылық білім беру талаптарының орындалуы: қандай тапсырмалар берілді (сыныпта басталған зерттеуді жалғастыру, жаңа ұқсас емес тапсырма орындау, негізгі білім, біліктерін жаңғырту үшін тапсырма беру, білімдері мен біліктерін жаңа жағдайда қолдану үшін, өзіндік теориялық ұғынуға берілген тапсырмалар);



  • Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін, дайындық деңгейін ескеруі, деңгейлік тапсырмаларды ұсынуы;



  • Сабақ оқушылардың еркін, ой өрісін, тілін, есте сақтау қабілетін, сезімін, танымдық қызығушылығын дамыту жолында сабақ не берді;

Сабақтың жалпы нәтижелілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет