Емтихан сұрақтары Мен-концепциясы


Темперамент, мінез және қабілет



бет5/5
Дата02.12.2023
өлшемі35,85 Kb.
#132382
1   2   3   4   5
. Темперамент, мінез және қабілет.

Темперамент - адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс - әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара, адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінідегі типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса - меланхолик болады.


Сангвиниктің - эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл - күйі әп- сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай және жылдам. Төңрегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мән - жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уакыт мұңайып журмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаңда икемді, қозғалғышта қызу, сергек. Кетеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық . Ойынға кызу қатысады, ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады, өкпелеп қалуы оңай, өкпелесе, жылап жібереді, алайда, ренжігенін лезде ұмытады, көзінің жасы кеппей - ак, күле бастайды.
Холериктің - эмоцияға берілуі шашпаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, кұмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп — сәтте қызып кетіп, күйіп - піседі. Ашуланса, бұрқ - сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із калдырады, қимыл - қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс - әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа кұмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сейлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп тұрады. Холериктер белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастағаи іс - әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға кұмар. Өзі де үйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп - сәтте ашуланады және ашуын үзақ сақтайды.
Флегматиктің - эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл - куйлері байсалды, орнықты калпында ұзақ сакталады, баяу өзгереді, жарқылдап қуануы да, жабығып қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, кербез қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді.
Меланхоликтің - эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұракты болады, сыртқы көрнісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, көңіл - күйлері бірқалыпты ұзақ сакталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабыркау, кейде кайғылы да болады.
Мінез -психологияда грек тілінен аударғанда «таңба», «із» деген- сөзді білдіреді. Адамнын, мінезінің түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді. Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне және ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi топтарда өтедi(отбасы, достық орта, класс, спорт командалары, еңбек ұжымы т.б.). Әр топтың құндылықты ерекшелiктерiне байланысты мiнез қырлары да дамиды.
Қабілет - деп әр адамның белгілі іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз - мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адмның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне кабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: 1. Іс-әрекетті тез өзгерту. 2. Іс-әрекетті тез орындау нәтижесінің сапасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет