Емтихан сұрақтары Мен-концепциясы



бет1/5
Дата02.12.2023
өлшемі35,85 Kb.
#132382
  1   2   3   4   5
Байланысты:
психология сессия жауаптары


Емтихан сұрақтары

  1. Мен-концепциясы.

  2. Адам өміріндегі құндылықтар. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу.

  3. Психология ғылым ретінде.

  4. Психология тиімді өмір сүру факторы ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы және т.б.).

  5. Психологияның әдістері мен әдістемелері.

  6. Тұлға. Индивид. Даралық.

  7. Мотивтер және қажеттіліктер.

  8. Адам өміріндегі эмоцияның рөлі.

  9. Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік.

  10. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта қарастыру және эмоцияларды басу.

  11. Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы.

  12. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі..

  13. Ерік және тұлға.

  14. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент).

  15. Стресс түсінігі. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері

  16. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері.

  17. Темперамент, мінез және қабілет.

  18. Темперамент анықтамасы.

  19. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде.

  20. Темпераменттің анықтамасы.

  21. Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.

  22. Темперамент пен мінездің ара қатынасы.

  23. Мінездің анықтамасы

  24. Тұлғаның қабілеті және нышандары.

  25. бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.

1. Мен- концепциясы
Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нүсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН» концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі. 
«МЕН» концепциясы шынайылықтың әртүрлі шеңберіндегі және оның енжарлылығының үш рөлін атқара отырып, адамның сәттілік шегін анықтайды, біріншіден, тұлғаның іштей өзімен кесісушілікке жетуге қабілеттендіреді; екіншіден, адамның тәжірибесінің интерпретациясын анықтады. Үшіншіден, күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша, «МЕН» концепция барлық тұлғалық және мінездік процестерді реттеуші ретінде көрінеді. Мен – концепциясы өзінің шығу тегі жағынан – негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрлым.

2. Адам өміріндегі құндылықтар. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу




Рухани-адамгершілік құндылық – белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйеФилососфияда құндылық белгілі бір заттың не құбылыстың мәдени-әлеуметік маңыздылығы ретінде сипат алады. Ал психология бойынша құндылық дегеніміз - өзін қоршаған ортада жеке тұлғаның бағалайтын заттары не құбылысы. Ол ынталандыру ұғымымен тығыз байланыста. Құндылық. Құндылықтық қатынас әрқашанда субъектінің бойында белгiлi бiр эмоциялары - қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. туғызады. Оның iшiндегi ең жоғарғысы - қасиеттерге табыну.
3. Психология ғылым ретінде.
психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.


4. Психология тиімді өмір сүру факторы ретінде


Қазіргі уақытта біз психологияның ғылым ретінде, қазіргі қоғамның әр адамының өмір саласына айналып жатқанын көруімізге болады. Психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады, оның өмірін жеңілдетеді және оны жарқын, сәтті және бақытты етеді. Біздің елімізде психологияға деген қызығушылық үлкен және қазіргі қоғамның барлық салаларына: білім беру; саясат; медицина; спорт; экология; өнер және бизнес және т. б орын алады. психологияның адам өміріндегі рөлі шынымен маңызды деп айта аламыз. Басқа ғылымдармен қарым-қатынаста психология өзінің пәнін, теориялық принциптері мен осы пәнді зерттеу әдістерін сақтайтынын нақты түсініп, есте сақтау керек. Психологияда білімнің ерекше саласы ретінде бірқатар арнайы салалар біріктіріледі, олардың арасындағы байланыс әрдайым бірдей болмайды. Бірақ, кейде «үйлесімсіздікке» қарамастан, олардың бәрі білімнің бірыңғай саласына жатады. Сайып келгенде, олардың жалпы міндеті – құбылыстардың бір класының-психикалық мәнін зерттеу. Психологиялық пәндердің бүкіл жүйесін зерттеудің негізгі объектісі-адам, оның психикалық процестері, күйлері мен қасиеттері болып табылады.


5. Психологияның әдістері мен әдістемелері.
Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

6. Тұлға. Индивид. Даралық




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет