Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Сотты сараптамасының нысандарын сипатта



бет32/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
48.Сотты сараптамасының нысандарын сипатта.
Сот сараптамасының міндеттері екі топқа бөлінеді: негізгі және арнайы.
Негізгі міндеттері – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот өндірісіне процессуалдық заңға сәйкес, сот сараптамасының ұйымдастыру мен жүргізудің ғылыми негіздерін жетілдіру арқылы алуан-түрлі ғылымдардың деректерін тартуға жәрдем беру.
Негізгі міндеттері арнайы міндеттерді жүзеге асыру арқылы нақтыланады, атап айтсақ:
 сот сараптамасының ғылыми білім ретіндегі әдістемелік негіздерін қалыптастыру мен дамыту;
 сот-сараптамалық қызметінің құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік жетілдіру мәселелерін әзірлеу;
 сотсараптамасыныңжекетеориясыменілімдеріндамыту;
 сараптамалық зерттеудің жаңа әдістерін әзірлеу және қолда бар
құралдары мен әдістерін жетілдіру;
қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот өндірісіндегі сот
сараптамасының нәтижелерін пайдаланудың әдістері мен тәсілдерін
жетілдіру және әзірлеу;
 шет мемлекеттердің озық тәжірбиелерін талдау және сот сараптаманы
ұйымдастыру және жүргізу тәжірбиесіне енгізу.


49.Тергеу әрекеті мен жедел іздестіру іс-шаралары барысында қолданылатын суреттерді сипатта.
Тергеу әрекеті мен жедел-іздестіру шараларының барысын, оның жеке кезеңдері мен нәтижелерін және криминалистикалық-сараптамалық зерттеулерді бейнелеп бекіту арқылы дәлелдемелік, жедел-іздестіру және сараптамалық ақпараттарды дәлме-дәл алуға болады. Бекітудің мұндай кең тараған әдістері мен құрал-жабдықтарына криминалистикалық фотосурет, бейне- және дыбысжазбалары жатады. Осыған сәйкес аталған құрал-жабдықтар мен әдістердің жиынтығы, яғни фотография, бейне- және дыбысжазбалары криминалистикалық техниканың бір топтық тарауларын құрады. Аталған тараулардың ішінде криминалистикалық фотография бөлімі бұрынырақ пайда болып қалыптасқан. Ал бейнежазбалары кейіннен пайда болып қолдана бастады. Тергеу барысында дыбысжазбаны қолданудың криминалистикалық аспектілері әлі жеке бөлім ретінде қалыптаспаған. Ол бейнежазбамен бірге қарастырылады.
Криминалистикалық фотография – фототүсірілімдердің жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалстиклық мақсатта қолданудың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді. Криминалистикалық техниканың бөлімі ретінде, ол қылмысты ашу мен тергеуге байланысты әртүрлі криминалистикалық қызмет барысында қолданылатын фототүсірілім құралдары мен әдістерінің жетілдірілген ғылыми жүйесін құрайды.
Осыған сәйкес фотографиялық құрал-жабдықтарға: криминалистер ойлап тапқан барлық жаңа түсірілімдік және проекциялық аппаратураларды, фото-жабдықтар мен фототүсірілімдердің арнайы құрылғыларын, фотоматериалдарды және оларды өңдеу үшін қолданылатын химиялық реактивтерді жатқызамыз. Аталған құрал-жабдықтардың ішінде кейбір фотоқұрылғылар тек қана криминалистикалық мақсатта қолдануға арналған. Мысалы: оқтың үстіңгі цилиндрлік қабатын фотоға түсіру үшін, фотографияға түсірудің осы берілген құрал-жабдықтарын криминалистикалық қызмет барысында қолдануға байланысты өңдеп жетілдірілген ережелер мен ұсыныстардың жиынтығы фотографиялық әдіс болып табылады.
Криминалистикалық фототүсірілім жекеленген тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру шараларын, кей жағдайларда сараптамалық зерттеулерді жүргізу барысы мен нәтижелерін көрнекі түрде бекітудің тиімді әдіс-құралы. Ол іс үшін маңызы бар қылмыстың іздерін, жеке заттарды және басқа да материалдық объектілер мен заттай дәлелдемелерді көрнекі түрде бейнелеудің сенімді әдіс-құралы болып табылады. Осыған сәйкес көрсетілген фототүсірілім тергеуші, жедел-іздестіру қызметкерлері, маман және сарапшылармен орындалуы мүмкін.
Криминалистикалық мәселелер мен криминалистикалық қызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот фотографиясын екі түрге бөліп көрсетуге болады:
1) сот-жеделдік фотография;
2) сот-зерттеу фотографиясы.
Сот-жеделдік фототүсірілімдер оптикалық құралдарды қолданбай-ақ көзге көрінетін әртүрлі іздер мен объектілерді бекіту мақсатында қолданылатын әдіс, ал зерттейтін фототүсірілімдер көзге көрінбейтін іздер мен объектілердің бөлшектерін, түс айырмашылықтарын анықтап бекітуге негізделген әдіс болып табылады. Криминалистикалық бейнежазба, бейнежазбаның құралдары мен әдіс-тәсілдері тергеу барысындағы мәселелерді криминалистикалық мақсатта ғылыми талдап қорытындылау мен криминалистикалық-ғылыми жетістіктерге сәйкес пайдалану негізінде қалыптасады. Аталған түсірілім және бейнежазба түрлері криминалистикалық техниканың бір тарауы ретінде криминалистикалық әрекет жүргізу барысында дәлелдемелерді жинау мен бекіту үшін қолданылатын бейнежазба құралдарының ғылыми әдістемелік өңделіп жетілдірілген жүйесінен тұрады.
Фото- және бейнежазба құралдарына қарағанда дыбысжазба техникасының ерекшелігі – ол жеке тергеу әрекеттерін жүргізу барысын дыбыстай көрнекі түрде бекіту құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар тергеушінің қылмыстық оқиғаға байланысты алғашқы жедел ақпараттарын бекіту жұмыстарын жеңілдететін техникалық құрал болып табылады. Мысалы: құжаттарды толтыру кезінде (кейбір тергеу әрекеттерін жүргізгенге дейінгі бағдарламалық ақпаратты алу құралы ретінде, оқиға болған жерді қарау кезінде хаттамаға бекітетін ақпаратты басып алу құралы ретінде, жауап алу барысын жазып алу құралы ретінде) қолданылады.
Дыбысжазба жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында да кеңінен қолданылады. Әсіресе ол тыңдалатын телефондағы және басқа да сөйлесулерді жазып алу кезінде пайдаланылады. Осыған сәйкес жаңадан қалыптасып келе жатқан криминалистикалық техниканың бір бөлімі ретінде дыбысжазбалары тергеулік және жедел-іздестірушілік деп шартты түрде екіге бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет