Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Сарапшылық зерттеудің сатыларын сипаттау



бет40/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

61. Сарапшылық зерттеудің сатыларын сипаттау.
Сарапшылық зерттеу – сарапшының сараптамаға ұсынылған объектілерді зерттеу процесі. Ол жеке міндеттердің сипаты бойынша ажыратылатын, бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып тұратын сатылардын тұрады:
- дайындық (сарапшылық тексеруді қосқанда);
- сот сараптамасының объектілерін бөлек зерттеу сатылары;
- салыстырмалы зерттеу сатылары;
- зерттеу нәтижелерін бағалау және сарапшының қорытындыларын тұжырымдау сатылары.
Сарапшылық зерттеудің дайындық сатысы – сот сараптамасын жүргізудің бірінші сатысы, оның мазмұны сараптама жүргізу үшін негіз болатын іс жүргізу шешімімен және сарапшылық міндеттерді шешудің технологиясын анықтау үшін сарапшыға ұсынылған материалдармен танысу, сондай-ақ сарапшылық болжамдар көтеру, зерттеу бағдарламасын жасау және қажетті техникалық, аспаптық, ақпараттық базаны дайындау болып табылады.
Бөлек сарапшылық зерттеу сот сараптамасы объектілірінің белгілерін бөлек оқып-зерттеуден тұрады. Осы сатысының барысында сот сараптамасының әрбір объектісін жекелендіретін ортақ, содан соң жеке белгілері анықталады. Мұнда дәлелдемелерді, содан кейін, қажет болғанда салыстырмалы материалдарды оқып зерттеу қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде әрбір объектіні жекелендіретін, оның мәнін, сапалық және сандық сипаттамасын, тиісті белгілерде көрінетін объекті қасиеттерінің пайда болуын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер кешенін қалыптастыру жүзеге асырылады.
Салыстырмалы зерттеу объектілердің анықталған белгілерінің сәйкес келуі немесе айырмашылығы анықталатын саты болып табылады. Ол салыстырылатын объектілер белгілерінің сәйкес келуі мен айырмашылығын анықтаумен аяқталады. Салыстырмалы зерттеу екі кезеңнен құралады:
-объектілердің айырмашылығын немесе олардың бір топқа қатыстылығын анықтаумен аяқталатын объектілердің жалпы белгілерін салыстыру;
-объектілердің жеке белгілерін салыстыру.
Сарапшының зерттеу нәтижелерін бағалау және қорытындысын тұжырымдау сатысы болады, өйткені сарапшы зерттеуді объектілер белгілерінің сәйкес келу немесе айырмашылық фактілерін атап көрсетумен аяқтамауы керек. Ол алынған деректерге ғылыми бағалау жүргізуге міндетті. Осы сатыда сарапшы өзінің ішкі сенімі негізінде анықталған белгілерді бағалайды және қорытындыны тұжырымдайды. Сонымен бірге логикалық жинақтап-қорыту әдістері, ықтималды-статистикалық әдістер мен модельдеу кеңінен пайдаланылады. Саты сарапшылық зерттеу барысы мен нәтижелерін бейнелейтін іс жүргізу құжаты ретіндегі сарапшының қорытындысын техникалық рәсімдеумен аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет