50.Криминалистикалық фотографияның түрін түсіндір. Криминалистік фотография өзінің қолданатын тəсілдері мен əдістері жəне міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот- тергеулік жəне сараптамалық (зерттеулік) фотографиясы болып үш топқа бөлінеді.
Суретке түсіру мақсаты мен қолдану жағдайына байланысты фотография бейнелеушілік (запечатлевающая) жəне зерттеушілік (исследовательская) болып екіге бөлінеді.
Бейнелеушілік фотография оқиға болған жерді қарағанда, зат- тай айғақ немесе құжаттарды қарауда, тірі тұлғаларды куəландыру жағдайында, тергеу əрекеттерін жүргізуді суретке түсіргенде қолданылады.
Бұл суреттерді түсіруге дəстүрлі фотокамералармен қатар арнаулы жəне сандық фотоаппараттар қолданылады. Бұл фототүсірілімдердің нəтижелері фотокесте түрінде дайында- лып тергеу əрекеттерінің хаттамасына немесе жедел-іздестіру шараларының материалдарына қоса тіркеледі. Алынған суреттер фотоқұжат болып саналады жəне оның дəлелдемелік мəні болады. Сонымен қатар зерттеушілік фотография əдістеріне: кон- трасты өзгерту тəсілі, түрлі түстерде ажырату тəсілі, көрінбейтін сəуле спектріндегі түсіру тəсілдері (ультракүлгін, инфрақызыл, люминисценттік фотография, рентгенография, гаммография) жəне микрофотография жатады.
51.Зерттеу барысында қолданылатын сурет түрлерін сипаттау. Криминалистік фотография дегеніміз тергеу іс-әрекеттерінде, жедел-іздестіру және сот сараптамасында пайдаланылатын фотосуретке түсірудің ғылыми негізде анықталып айкындалған әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен әдістер өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот-тергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш топқа бөлінеді.
Оқига болган жерді фотога түсіру. Оқиға болған жерді фотоға түсіру, ондағы заттарды, табылған іздерді, қылмыс қаруын мәйітті табылған күйінде көрсету мақсатында қолданылады. Жақсы бейнелер алу үшін суретке түсіру орны жарық қажет негативтік фотоматериал тауып жарық фильтрін қолдану қажет.
Ашық күндері түске дейінгі және түстен кейінгі сағаттар фотосуретке түсірудің ең тиімді уақыты. Бірақ, тергеуші өз қалауынша фотосуретке түсіру уақытын таңдау мүмкіндігіне ие болмағандықтан кез келген уақыт фотоға түсіру шарттарын білген жөн. Сөйтіп, ашық күндері күн бұлттың астына кіріп, заттар үкілген жарықта болғанда фотоға түсіру қажет. Аппаратты күн сәулесі оптикалық оське 45 градус бұрыш жасап бағытталатындай етіп құрады. Күнге қарсы түсіруге болмайды, өйткені ол негативке ахау келтіріп, бейнеге зақым келтіреді. Егер ондай жағдайдан күтілмеген сәтте, сәулелердің жолында бір тосқауыл қойып түсіреді. Олар: ғимарат, ағаш, дауыл болуы мүмкін. Көлеңкелеу үшін картон, фанера, портфель қолдануы мүмкін. Түсірген кезде негативтің жарықсезгіштігін ескереді, жағдайға байланысты жарық фильтрін алады: панхромат материалдар болғанда орташа — сары жарық фильтрі танғы және кештің алдындағы уақытта жақсырақ, тұманды күні — қызыл сары: өзен, көл, теңіз жағасында — сары, қыста — сары фильтр; күзде немесе жаңбырлы күні – жарық фильтрінсіз.
Тінту барысында суретке тусіру. Фотоға түсіру тінтудің нәтижесін бекітетін құралдардың бірі болып табылады және де тінту жүргізілген жерді, табылған құпия орындарды, тінту барысында алынған заттарды сол күйінде фотоға түсіру бөлмеде өткізілетіндіктен, жарық заттарға біркелкі түспейді. Сондықтан заттарды терезеге жақынырақ қояды. Бүкіл бөлмені құпия орынды суретке түсіру үшін, қосымша жарық көзін қояды.
Зерттеу эксперименті барысында суретке түсіру. Фотоға түсіру зерттеу эксперименті өткен жерді немесе оның жеке кезеңдері мен нәтижесін көрсету үшін қолданылады.
Атап айтқанда ғимаратқа кіру мүмкіндіктері, үйдің үсті, балкон, жүк автомобилінің кузовы және т.б. бекітіледі.
Тірі ағзаларды фотога түсіру. Қылмыскерлерді қылмыстық тіркеу кезінде, оларды таныту үшін, эксперименттік теңестіру үшін, сондай-ақ куәландыру нәтижесін бекіту үшін суретке түсіреледі.
Өлікті фотога түсіру. Фотоға түсіру арқылы өліктің орнын, күйін, түрін және киімін бекітеді. Танылмаған өліктерді тіркеу үшін өліктің бетін сондай-ақ таныту жұмыстарын жүргізу үшін суретке түсіреді.
Панорамалық фотога түсіру — объектіні толық көрсете алмаған жағдайда, сондай-ақ объектіден алыс қашықтыққа бара алмаған жағдайда қолданылады.