Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Объективтің негізгі қасиеттерін түсіндір



бет41/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

62.Объективтің негізгі қасиеттерін түсіндір.
Объектив (лат. objeсtus – нәрсе) – нысанның төңкерілген шын кескінін қалыптастыратын дербес оптикалық жүйе. Бұл кескін не окулярмен қаралады, не фотография жарық сезгіш қабаттың, телевизия түтік немесе электрондық оптикалық түрлендіргіш фотокатодының, күңгірт шынының не экранның жазық бетінде алынады (қисық бет сирек пайдаланылады). Объективтің маңызды сипаттамалары: нысанның объективтен белгілі бір қашықтау кезінде объективтің оптикалық үлкейтуін анықтайтын фокусаралық қашықтық; объективтің ену қарашығының диаметрі; салыстырмалы саңылауы және ол арқылы айқындалатын объективтің жарық күші; объективтің көру өрісі. Объектив қалыптастыратын кескіннің сапасы объективтің ажыратқыштық шамасымен, контрастыны беру коэффициентімен, жарықты интегр. және спектр. өткізу коэффициенттерімен, объективтегі жарықтың шашырау коэффициентімен, кескін өрісі бойынша жарықталынудың түсуімен сипатталады. Құрастырылуы жағынан объектив үш класқа: линзалы (диоптрик. рефракторлар), айналы (катоптрик. рефлекторлар), айналы-линзалы (катодиоптрик.) болып бөлінеді. Қызметі бойынша: кішірейтілген кескін беретін көру түтіктері мен телескоптардың объективтері; үлкейтілген кескін беретін микроскоптардың объективтері; құралымы мен қолданылу тәсіліне байланысты кішірейтілген немесе үлкейтілген кескін беретін фотогр. және проекц. объективтер деп бөлінеді. объективтердің ерекше топтарына фотообъективтерге көбірек жақын келетін спектрлік аспаптар, лазермен пайдалануға арналған объективтер жатады.


63.Объективтің фокустық қашықтық ұғымын түсіндір.
1.Фокустық қашықтық – бұл алдыңғы линза әйнеккөзінен матрицаға дейінгі арақашықтық. Әйнеккөз арқылы сіз нысанды қаншалықты жақын көретініңізді көрсетеді. Аталған параметр әрдайым таспаның 35 мм эквивалентінде есептеледі және объективтің өзінде жазылады. Мысалы, 50- 300 мм таңбалауы минималды фокустық арақашықтық 50 мм-ге (мұнымен бірге сіз өз көзіңізбен көргендегі бейені көресіз), ал максималдысы - 300-ге (мұндай зуммен алыстағы нысандарды қорықпай түсіруге болады, мысалы, концерт өтіп жатқан сахнаны).
1. Тұрақты фокустық қашықтығы бар әйнеккөздер – атына байланысты мұндай әйнеккөздердің фокустық қашықтығы өзгермейді. Мұндай әйнеккөздер арзандау тұрады және түсірілімнің арнайы бір түріне арналған. Бұл әйнеккөзге Canon 50 mm F/2.8 әйнеккөзін жатқыза аламыз. Бұл портретті түсірілімнің керемет нұсқасы: 50 mm-ді құрайтын фокустық қашықтық ірі пландарды алуға мүмкіндік берсе, F/2.8 диафрагмасы артқы планды бұлыңғыр етіп, тіпті, жарығы аз жерлерде қысқа ұсталымдармен түсіруге мүмкіндік береді. 2. Ауыспалы фокустық қашықтықты әйнеккөздер немесе Zoomобъективтер – кең көлемде фокустық арақашықтығы өзере алатын әйнеккөз. Шыны керек, мұндай әйнеккөз түрі бір сәтте бірнеше әйнеккөздердің орнын баса алады. Себебі бұл объективтердің фокустық арақашықтығы ауытқыпауысып отырады, мысалы 28 бен 135 mm арасы. Егер сіз бұл салаға жаңадан аяқ аттап бассаңыз, онда бұл өте ыңғайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет