Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Оқиға орнындағы заттарды, нысандарды, айғақты заттарды суретке түсіруді сипатта



бет49/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

78. Оқиға орнындағы заттарды, нысандарды, айғақты заттарды суретке түсіруді сипатта. Іздер мен заттар - яғни заттай дәлелдемелер
олардың табылған жерлері мен орналасу жағдайы,
сыртқы құрылысының жалпы және жеке белгілері
көрсетіле отырып суретке түсіріледі.
Бастапқьща оқиға болған жердің белгілі бір
учаскесінде шоғырланған барлық іздер мен заттар
тобы түсіріледі. Елеулі ұ.зындықтағы учаскедегі іздер
тобы (мысалы: аяқ киім, көлік кұралдарының
іздерінің жолы) панорамалак әдіспен түсіріледі. Содан
соң біртекті іздердің ішінен толық әрі нақты түскен
іздер іріктелініп алынып, миллимертлік масштабты
сызғыштың көмегімен жеке-жеке суретке түсіріледі.
Заттар яғни, заттай дәлелдемелер - біріншіден
табылған жерінде, ал одан кейін қарама-қарсы
(контрастылы) түстегі ортада түсіріледі. Заттың
айналасында көлеңкелердің пайда болуын болдыртпау
үшін мата немесе қағазды төсеп, мықты
қондырғылардың көмегімен түссіз эйнектерді белгілі
бір арақашықтыққа орналастырады.
Суретке түсірілетін объект әйнектің бетіне қойылады.
Жазықтықта түсірілетін заттың жанына миллиметрлік
масштаб қойылып фотосуретке түсіріледі. Заттарды
түсіру кезінде екі жарықтандыру көздерін қолдану
қажет, тікелей - объектінің жалпы контурын керсетіп
және қырынан бедерлі белгілері көрінетіндей етіп
түсіру керек. Заттай дәлелдемелердің жалпы түрін
түсірумен қатар олардың белгілері (шығарылған
фабрика маркасы, оның иесінің атауы, нөмері,
зақымданған жерлері және т.б.) ipi масштабта
түсіріледі.
Фототүсірілім адамдар мен заттарды тануға үсыну
кезінде қолданылады. Алдымен тануға ұсынылатын
адамдар мен заттардың жалпы тобы, ал одан кейін
танылған адам (фас, профиль) немесе зат (ipi
масштабта сызғышпен) жеке-жеке түсіріледі.
Тануга көрсетілетін тұлғалардың немесе заттардың фототүсірілімі, топ мүшелерінің сыртқы түрлерінде ерекше өзгешеліктерді болдырмау туралы
заң нұсқаулары талаптарының орындалуын тексерудің
бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады.
Тінту нәтижесінің бейнесін нақты сақтап қалу
және сипаттау үшін тінту жүргізу барысында
фототүсірілімдер жасалады. Дэлірек айтқанда,
табылған құпия орындар тінту арқылы алынған заттай
дәлелдемелер, олардың ерекше белгілері, құнды,
бағалы заттар мен қағаздар және т.б. фотосуретке
түсіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет