Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Тінту және алу тергеу әрекеттерін жүргізу барысында суретке түсіруді сипатта



бет47/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79
74.Тінту және алу тергеу әрекеттерін жүргізу барысында суретке түсіруді сипатта.
Тергеу әрекетін жүргізу барысында фото түсірілімдер өте жиі қолданылады. Фототүсірілім объектілеріне: оқиға болған жердің жалпы жағдайы мен оның бөлігі, мэйіт, іздер және басқа да заттай
дәлелдемелер жатады. Тергеу қарауын жүргізу кезінде оқиға болған жерді суретке түсіру. Оқиға болған жердің жағдайын және ол жерден табылған қылмыстық іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді дұрыс әрі толық бекіту тергеу әрекетінде қойылатын негізгі талаптардың біріне жатады.
Оқиға болған жерді суретке түсіру келесідей тәртіпте орындалуы тиіс:
а) оқиға болған жер және оның жекеленген бөлігінің жағдайы жөнінде толық мағлұмат алатындай көрнекі түрде түсірілуі шарт;
ә) оқиға жағдайы барынша толық, әрі дәлме-дәл түсірілуі қажет;
б) қажет болған жағдайда түсірілген объектілердің көлемі жөнінде мәлімет бере алатындай етіліп (метрлік және масштабты) түсірілуі тиіс.


75.Тану тергеу әрекеттерін жүргізу барысында суретке түсіруді сипатта.
Тергеу іс-əрекеттерінің қорытынды бөлімінде немесе сарапшының қорытындысының зерттеушілік бөлімінде мынандай мəліметтер: – қандай объект суретке түсірілгені; – қандай əдіспен жəне тəсілмен түсірілгені; – тергеу іс-əрекеті барысында қай жерден суретке түсіргені; – оны кімнің (тергеуші, маман, сарапшы) суретке түсіргені; 90 – суретке түсіру жағдайы (мысалы, фотоаппараттың моделі, жарықтың сипаты, негативтік материалдың түрі жəне оның сипаты, диафрагма, экспозиция, жарықсүзгіштер қолданылды ма, жоқ па?) көрсетілуі тиіс. Шығарылған суреттерді арнайы фотокесте бланктеріне жабыстырады. Фотокестенің жоғарғы жағында қандай тергеу əрекетінің хаттамасына немесе сарапшының қандай қорытындысына қосымша болып тіркелгені көрсетіледі. Əр фотосуретке нөмір қойылып, қысқаша түсініктеме беріледі. Фотосуреттер нөмірі хаттамадағы нөмірлеуге сəйкес келуі тиіс. Егер фотосуретте белгілер жасалса (стрелкамен сəйкес келетін белгілері немесе объектінің орны көрсетілсе) кестеге белгілері жоқ дəл сондай фотосуреттер жапсырылады. Хаттамаға тіркелетін фотосуреттер тергеушінің мөрімен, сарапшы қорытындысына тіркелетін фотокестедегі фотосуреттер сарапшы мөрімен бекітіледі. Бұл жерде мөрдің жартысы фотобейнеде, екіншісі қағазға түсуі қажет. Хаттамаға тіркелетін фотосуреттерге тергеуші, маман, мүмкіндігінше айғақтар қол қояды. Сарапшы қорытындысына тіркелетін фотосуреттер сарапшының қолымен бекітіледі. Бұл фотосуреттер іс материалдарында сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет