Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Тергеу әректтері барысында бейнетаспаға түсіруді сипатта



бет46/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

72. Тергеу әректтері барысында бейнетаспаға түсіруді сипатта.
Объектілерді танытуға көрсетер алдында тергеуші біраз дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Осы жұмыстардың ұқыпты, мұқият жүргізілуіне бүл тергеу әрекетінің сапасы, нәтижелілігі, қорытындысының объективтігі тікелей байланысты.
Жоғарыда айтылғандай, объектілерді танытуға көрсетудің керектігі бұдан бұрын куәден, жәбірленушіден, не айыпкерден алынған жауаптарынан туындайды. Сондықтан бүл тергеу әрекетін өткізу қажеттігін, оны өткізу мүмкіндігін шешер алдында тергеуші осы адамдардың объектіні қандай жағдайда көргендігі, оның сол объектіні қандай жеке белгілері, ерекшелігі бойынша тани алатындығы жөнінде жауап алады.
Дайындық жұмыстарының ең бір күрделісі — көрсетілетін объектіге ұқсас объектілер табу. Айталық: адамды танытуға осы адамға сыртқы тұрпаты, пішіні ұқсас адам болса белгілері ұқсас зат табу.
Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде бұған белгілі бір мамандарды қатынастыруға тура келеді. Айталық: мәйіттің кім екенін таныту үшін оны көрсетуге тура келсе сот-медицина саласындағы маманды, ал объектіні танушы жасы жетпеген куә, жас бала болса педагогты қатыстыру керек.
Дайындық үстінде тергеуші керек құрал-саймандарды, ғылыми-техникалық құралдарды әзірлеп алуы тиіс. Суретке не бейнетаспаға түсіру керек болса, фото-бейне аппаратын дайындап, оны қолданып, түсіретін адамдарды тағайындау қажет.
Қазір жеке объектіні анықтау үшін фотосуреттерді жинақтап және бейнені қолмен салып, сондай-ақ бас сүйекті қайта құрап түсірілген суреттер де көрсетіліп жүр. Бірақ азаматтарға ұсынылған мұндай суреттерді танудың негізі ретінде қабылдауға болмайды, өйткені қылмыстық іс жүргізу заңдылығы бойынша тек тікелей объектінің өзі немесе оның фотосуреті ғана тануға көрсетілуі тиіс.


73.Үлгілер ұғымын түсіндір.
үлгілер – сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті тірі адамның, мәйіттің, жануардың, өсімдіктің, бұйымның, материалдың немесе заттың қасиеттерін көрсететін материалдық объектілер.
Сараптамалық зерттеуді жүргізу кезінде салыстырмалы зерттеу үшін қажетті үлгілердің орны ерекше, әсіресе түпнұсқаны зерттеу мүмкін болмаған кезде.
Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер – диагностикалық, классификациялық, идентификациялық объектілермен салыстыру үшін сарапшыға жіберілетін материалды объектілер.
Сараптамалық зерттеу үшін алынатын үлгілер адамнан алынады оларға: қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененiң сыртқы бетiнiң микроскопиялық қорытындылары, сiлекей, тер және басқа бөлiнiп шығатындар, терi бедерiнiң iзi, тiстiң қалыбы, қолжазба мәтiн, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтiн басқа материалдар, дауыс фонограммасы жатады. Үлгілерге сол сияқты, материалдардың, заттардың, шикiзаттың, дайын өнiмнiң сынамалары, гильзалардың, оқтардың қару мен тетiк iздерiнiң үлгiлерi алынады.
Пайда болу мазмұнына қарай үлгілер болған оқиғаға дейін (эксперименталды) және онымен байланысты емес (бос) болып бөлінеді. Эксперименталды үлгілер тергеушімен және сарапшымен алына алады. Тергеушімен үлгі алынған кезде қаулы шығарылады, онда келесі мәліметтер болу керек:
• үлгіні алған тұлға;
• үлгі алынатын тұлға (мекеме);
• қандай үлгілер және қандай мөлшерде алыну керек;
• үлгі тапсыру үшін тұлға қайда және кімге келуі керек;
• үлгі алынғаннан кейін кімге және қайда ол тапсырылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет