70.Танылмаған мәйітті суретке түсірудің ерекшелігін сипатта. Танылмаған адамның мәйiтiн фотосуретке түсiру, оған дактилоскопия жасау, сондай-ақ сараптамалық зерттеу жүргізу үшін үлгілер алу міндетті болып табылады.
Мәйітті түсірудің де өзіндік әдістері бар. Алғашқыда мәйітті коршаган ортамен қамти отырып бірнеше жағынан түсіреді. Кейіннен мэйіт қоршаған ортасыз тек өзі ғана түсіріледі. Оны түсіру барысында орналасу жай-күйі жағдайьш, денесінің ашық жерлерін және киімін толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл белінуі керек. Мэйіт қоршаған ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде фотоаппарат объективінің негізгі оптикалық осі мэйіттің ү.зына бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар, аппарат объективін төмен қаратып мэйітті жоғарғы жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мэйіт табылған ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол панорамалық әдісті немесе кең бұрышты объективті қолдану арқылы түсіріледі.
Панорамалық түсіру әдісі мэйітті бас жағынан беліне дейін, содан соң белінен аягыиа дейін жеке-жеке түсіріп, одан бір фотосурет шығаратын екі немес үш, төрт үзіндіден тұ.рады.
Жарақат, күйік, қан іздері, киімінің бұлінуі сияқты сипаттағы ерекшеліктер миллиметрлік масштабней ipi көлемде суретке жеке түсіріліп бекітіледі. Мэйіт табылған кезде қандай жағдайда (үсті-басы кір, лас, қатып калган және т.б.) болса, суретке алғашқыда сол күйінде түсіріледі, содан соң мәйітке әрлеу жұмыстары (сот-медициналық, мэйітті ерітіп қалпына келтіру және т.б.) жүргізгеннен кейін де суретке түсіріледі. Танылмаған мэйітті түсіру тануга көрсету үшін түсірілетін әдіс-тәртібімен жүзеге асырылады. Танылмаған мәйіттің суреті картамен бірге қылмыстық тіркеу органына жіберіледі.
Танылмаған өліктерді тіркеу үшін өліктің бетін, сондай-ақ таныту жұмыстарын жүргізу үшін суретке түсіреді.
71. Мәйіт табылған жәйтке қатысты оқиға орнын қарау барысында суретке түсіру түрлерін сипатта. Жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері.
Оқиға болған жерді қарау. Адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері, криминалдық ситуацияның ашылуымен және қылмыс жасалған жердің сипатымен қамтамасыз етіледі.
Оқиға болған жердің және нақты бір қылмыс жағдайының ерекшеліктеріне байланысты топ құрамына басқа да мамандар кіргізілуі мүмкін. Мәйіт қаралады, қылмыстың ізі табылу мүмкіндігіне байланысты ол табылған жер мен оның территориясы қаралады. Мәйіт табылған жерден едәуір ара қашықтықтан іске қатысты іздер мен басқа да обьектілер табылған жағдайларда, оларды қарау өзінше жекеленген тергеу әрекетін құрайды (әрекеттерінен тұрады).
Мәйітті қарау барысында оның-жынысы, шамамен жасы, дене бітімі, бойы; оқиға болған жердегі жылжымайтын обьектіге қарысты мәйіттің орналасу жағдайы анықталады; мәйіттің орналасу жәй-күйі, сондай-ақ басының және аяқ-қолдарының орналасу жағдайлары мен ерекше белгілері бекітіледі. Қарау кезінде мәйіт танылмаған жағдайларда ауызша суреттеу әдістемесі бойынша хаттамаға толық сипаттамаланып бекітіледі. Содан соң хаттамаға белгілі біркезектілікпен мәйіттің денесі мен киімдері, олардан табылған заттар және оның жатқан территориясы сипатталып жазылады.
Мәйіттің киімдерін қарау барысында, оның киімінің жай-күйіне, оның жыл-мезгіліне сәйкестігіне және жәбірленушінің дәл осы кездегі физикалық жағдайына аса назар аудару қажет.
Мәйіттің денесін қарау кезінде одан табылған мәйіттік құбылыстардың көрінісі мен оның дәрежесі, дене жарақаттары - қан болса оның тоқтағандығы, олардың саны, өзара орналасуы, размері, (түр-түсі) денесіндегі бөгде іздер мен басқа да бөлшектер нақты сипатталып көрсетіле отырып хаттамаға бекітіледі.
Мәйітті түсірудің де өзіндік әдістері бар. Алғашқыда мәйітті
коршаган ортамен қамти отырып бірнеше жағынан түсіреді. Кейіннен
мэйіт қоршаған ортасыз тек өзі ғана түсіріледі. Оны түсіру барысында
орналасу жай-күйі жағдайьш, денесінің ашық жерлерін және киімін
толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл белінуі керек. Мэйіт қоршаған
ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде
фотоаппарат объективінің негізгі оптикалық осі мэйіттің ү.зына
бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет.
Сонымен қатар, аппарат объективін төмен қаратып мэйітті жоғарғы
жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мэйіт табылған
ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол
панорамалық әдісті немесе кең бұрышты объективті қолдану арқылы
түсіріледі.