1. Халықтың ұйымдасқан түрдегi жаппай демалысы мен туризмiне, сондай-ақ жабайы жануарларды өсіруге арналған және сол үшiн пайдаланылатын жер рекреациялық мақсаттағы жер деп танылады.
2. Рекреациялық мақсаттағы жер құрамына демалыс үйлерi, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектiлерi, туристiк базалар, стационарлық және шатырлы туристiк-сауықтыру лагерьлерi, балықшы және аңшы үйлерi, орман парктерi, туристiк соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлерi, осы сияқты басқа да объектiлер орналасқан жер учаскелерi кiруi мүмкiн. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлерi де жатады.
3. Рекреациялық мақсаттағы жердi пайдалану тәртiбi мен режимiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар белгiлейдi.
4. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен және жер пайдаланушылармен келiсiм бойынша белгiленген туристiк соқпақтар мен трассаларды пайдалану сервитуттар негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
5. Рекреациялық мақсаттағы жерде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн қызметке тыйым салынады.
Ескерту. 126-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
85.Дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау кезінде тікелей қылмыстық процесті жүргізуші органның арнайы білімді пайдалану мүмкіндіктерін сипатта. 1. Қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге:
1) оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi (қылмыстың жасалу уақыты, болған жерi, әдiсi және басқа да мән-жайлары);
2) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi кiмнiң жасағандығы;
3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаудағы кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған әрекеттiң себеп-дәлелдерi, заңдық және iс жүзiндегi қателiктер;
4) айыпталушының жауаптылығының дәрежесi мен сипатына әсер ететiн мән-жайлар;
5) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
6) жасалған қылмыстың зардаптары;
7) қылмыспен келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi;
8) әрекеттiң қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады.
2. Кәмелетке толмаған адам жасаған қылмыстар туралы iс бойынша дәлелдеуге жататын қосымша мән-жайлар осы Кодекстiң 481-бабында көрсетiлген.
3. Қылмыс жасауға ықпал етушi мән-жайлар да қылмыстық iс бойынша анықтауға жатады.
124-бап. Дәлелдеу
1. Дәлелдеу iстi заңды, негiзделген және әдiл шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелердi жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелердi пайдалануға қабылдаудан тұрады.
2. Айыпталушының қылмыстық жауаптылығы мен кiнәсiнiң бар екендiгiнiң негiзiн дәлелдеу мiндетi айыптаушыда болады.
125-бап. Дәлелдемелер жинау
1. Дәлелдемелер жинау осы Кодексте көзделген тергеу және сот iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен сотқа дейiнгi iс жүргiзу және сот талқылауы процесiнде жүргiзiледi. Дәлелдемелер жинау оларды табуды, бекiтудi және алуды қамтиды.
2. Тараптардың өтiнiштерi бойынша немесе өз бастамашылығы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган iс жүргiзуiндегi қылмыстық iс бойынша осы Кодексте белгiленген тәртiппен жауап алу үшiн немесе сарапшы ретiнде қорытынды беру үшiн кез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге; Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, сондай-ақ жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың iс үшiн маңызы бар құжаттар мен заттарды табыс етудi талап етуге; уәкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер мен тексерiстер жүргiзудi талап етуге құқылы.
3. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен iске қатысуға жiберiлген қорғаушы заң көмегiн көрсету үшiн қажеттi дәлелдердi ұсынуға және мәлiметтердi жинауға, оның iшiнде олардың келісімімен адамдардан сұрауға, сондай-ақ он күн ішінде ол құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн беруге мiндеттi ұйымдардан анықтамалар, мiнездемелер және өзге де құжаттар сұратып алуға; қорғауындағы адамның келiсiмiмен заң көмегiн көрсетуге байланысты туындаған шешудi қажет ететiн мәселелер бойынша арнаулы бiлiмi бар адамдардың пiкiрiн сұрауға құқылы.
4. Сезiктi, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар дәлел бола алатын ауызша да, жазбаша да нысандағы мәлiметтердi, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы.
127-бап. Дәлелдемелердi зерттеу
Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективтi зерттеуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемелердi талдауды, оны басқа да дәлелдемелермен салыстыруды, қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды.
128-бап. Дәлелдемелердi бағалау
1. Әрбiр дәлелдеме қатыстылығы, жол берiлушiлiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануға тиiс.
2. Дәлелдемелердi судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы осы Кодекстiң 25-бабына сәйкес заң мен ар-ожданын басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi жиынтығында жан-жақты, толық және объективтi қарауға негiзделген өздерiнiң iшкi нанымы бойынша бағалайды.
3. Егер ол iс үшiн маңызы бар мән-жайдың бар екендiгi туралы қорытынды растайтын, жоққа шығаратын немесе күмәндандыратын iс жүзiндегi деректердi бiлдiретiн болса, дәлелдеме iске қатысты деп танылады.
4. Егер дәлелдеме осы Кодексте белгiленген тәртiппен алынса, ол рұқсат етiлген деп танылады.
5. Дәлелдеме, егер тексерудiң нәтижесiнде оның шындыққа сәйкес келетiндiгi анықталса, дұрыс деп танылады.
6. Егер дәлелдеуге жататын мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты даусыз белгiлейтiн iске қатысты рұқсат етiлген және дұрыс дәлелдемелер жиналса, дәлелдемелердiң жиынтығы қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктi деп танылады.