Емтихан сұрақтарының жауаптары 50. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі


Тамыр қысымы – судың төменгі жылжытқыш күші



бет11/56
Дата14.04.2022
өлшемі86,04 Kb.
#31020
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Байланысты:
Емтихан с ра тарыны жауаптары 50. сімдіктерді суы а т зімділ

Тамыр қысымы – судың төменгі жылжытқыш күші.

Ксилема түтіктеріне судың енуі, сіңірулің бастапқы кезеңдеріндегідей,

осмостык, механизмге байланысты. Судың ксилемаға дейін тасымалдануы

осы күшке байланыстылығын былайша дәлелдеуге болады. Егер сыртқы

ортадағы осмостық қысым клетка ішіндегіге тең болса, онда клеткаға су

енбейді, етер сыртты ортадағы концентрация жоғары болса, онда су

клеткадан сыртқа бөлінеді де, төмен болса сырттан клеткаға енеді. Ксилема

түтіктеріндегі және клеткалар қабығындағы осмостық ырықты заттарға

минералдық заттар және метаболиттер жатады. Олар түтіктерді қоршаған

паренхималық клеткалардың плазмалеммасында болатын ырыкты иондық

насостардың әсерінен бөлінеді. Осы заттардың түтіктерде жиналуынан ксилемаға судың осмостық тасымалдануын қамтамасыз ететін сорғыштық

күш пайда болады.

Түтіктердегі сорғыштық күш қоршаған тірі клеткаларға қарағанда

жоғары болуы мүмкін. Бүгін ксилема сөлінің концентрациясы ғана емес,

серпімділігі нашар клетка қабықтарының

қарсы қысымның жоқтығы да ықпалын тигізеді.

Сонымен, тамырдағы иондық насостардың ырықтылығышың және

ксилема түтіктеріне судың осмостық (ырықсыз) енуінің нәтижесінде

түтіктерде тамыр қысымы деп аталатын гадростатикалық қысым пайда

болады. Ол ксилема ерітіндісін түтіктер арқылы тамырдан жерүсті

бөліктеріне көтерілуін қамтамасыз етеді. Суық және аэрациясы нашар

топырақтарда өсетін өсімдіктерде тамыр қысымы төмен болатыңдығы

анықталды.

Судың өсімдік бойымен тамыр қысымының ықпалымен көтерілу

механизмін төменгі шеттік қозғаушы күш деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет