61. Транспирация – жоғарғы жылжытқыш күш. Жапырақ транспирация органы. Устицалық транспирация механизмі.
Өсімдік өз тіршілігінде суды ете көп мөлшерде қажет етеді. Мысалы, жүгері
немесе күнбағыс өсімдіктерінің бір талы толық вегетациялық кезеңде
(өнгеннен бастап піскенге дейін) 200 л су жүмсайды. Осынша көп судың тек
0,2 0,3%-і ғана өсімдік денесін құрайтын органикалық, заттардың күрамыша
енеді. Қалған 99,8-99,7%-і өсімдік денесі (негізінен жапырағы) арқылы
буланып кетеді. Судың өсімдік денесінен булануын транспирация деп
атайды.
Суды буландыратын негізгі мүше - жапырақ. Транспирацияны судың буға
айналып, оның қоршаған ортаға ірігуін жүзеге асыратын физикалық процесс
деп қарауға болады. Бірақ ол өсімдік организміндегі физиологиялық
процестермен тығыз байланысты қажетті қүбылыс болғандықтан, оны
физиологиялық процесс деп қараған жөн. Өсімдіктерді ауа ылғалы мол
жерлерде, немесе жылыжайларда (оранжерея немесе теплица) өсіргенде
судың булшуы азаяды. Бірқатар өсімдіктерде судың булануын азайтатын,
бейімділіктері және анатомиялық ерекше - кутикула, балауыз, жамылғы
түкшелері қалыптасқан. Бірақ транспирацияның тоқтауы фотосинтезпроцесіне зиянды әсер етеді. Себебі, судың қоршаған атмосфераға ірігуі жөне
булануы жүзеге асатын устьицлар арқылы өсімдікке көмірқышқыл газы
енеді Су жапырақ бетінен және устьица арқылы буланады. Буланудың
нөтижесінде жапырақ клеткіларындағы су азайып, олардың су потенциалы
төмендеп сорғыштық күші жоғарылайды. Сондықтан, жапырақ
жүйкелерінің ксилемасынан клеткалардың суды соруы күшейіп, тамырдан
түтіктер арқылы судың өрлеу ағыны күшейеді. Сонымен өсімдік
бойымен судың жоғары жылжуын қамтамасыз ететін жоғарғы қозғаушы
күші жапырақ паренхимасының клеткаларыңда сорғыштық күштің ұлғаюына
байланысты пайда болады. Сондықтан, транспирация қарқындаған сайын,
жоғарғы қозғаушы күш түгел тоқтап қалса да жұмыс істей береді және оған
метаболиттік энергия емес, сыртқы орта энергиясы - температура және ауа
қозғалысы пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |